16
Ақпан

«АБАЙ АРМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ» мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды

16 ақпан 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

         «Ақ жол» демократиялық партиясы қазақтың ұлы ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Қазақ Республикасының 100 жылдығына арнап ұйымдастырған «АБАЙ АРМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ» атты халықаралық мүшәйраның қорытындысы шығып, жеңімпаздар марапатталды.

          «Ақ жол» демократиялық партиясының ғимаратында өткен шараға басқа өңірлерден қатысқан ақындар ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысты.

         Мүшәйраның салтанатты марапаттау рәсімін Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса ашып, қазылар алқасын таныстырды.

         Қазылар алқасының төрағасы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбай, мүшелері – белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы, сыншы, прозаик Бақыт Сарбалаев, ақын Нұрлан Әбдібек.

         Барша ақынды Абайдың мерейлі мерекесімен, Қазақ Республикасының 100 жылдығымен құттықтаған ақын Ғалым Жайлыбай осы жыр бәйгесіне барлығы 150-ден астам өлең келіп түскенін айтты.

Мүшәйраның қорытындысы:

Абай атындағы Бас жүлде – Азамат Тасқараұлы

Әлихан Бөкейхан атындағы 1 орын – Исрайыл Сапарбай

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 2 орын – Абзал Бөкен
Мұстафа Шоқай атындағы 2 орын – Әлібек Шегебай

Міржақып Дулатұлы атындағы 3 орын – Әубәкір Қайран,
Сұлтанбек Қожанұлы атындағы 3 орын – Аманғазы Кәріпжан
Әлімхан Ермеков атындағы 3 орын – Ақылбек Шаяхметұлы

Арнаулы жүлделер:

1.Батырхан Сәрсенхан – Мағжан Жұмабаев атындағы,
2.Мирас Асан – Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы,
3.Бауыржан Қарабек, – Шәкәрім атындағы;
4.Жәлел Шалқар – Жалау Мыңбаев атындағы,
5.Ерғали Бақаш – Нәзір Төреқұлов атындағы,
6.Мағиза Құнапия – Жүсіпбек Аймауытов атындағы,
7.Роза Сейілхан -Мұхамеджан Тынышбаев атындағы
8.Дәулет Телманов – Садық Аманжолов атындағы
9.Мақсат Ережеп – Райымбек Мәрсеков атындағы
10.Әсел Оспан – Нұртас Оңдасынов атындағы
11.Ұлмекен Лесбек – Жұбан Молдағалиев атындағы
12.Майра Қуанышқызы – Жұмабек Тәшенов атындағы «Қазақ үні» газетінің арнайы жүлдесі

Марапаттау рәсімі барысында сөз алған «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жүлдегерлер мен қазылар алқасы мүшелеріне «Қазақ Республикасына 100 жыл» мерекелік медалін табыстады.