«Әр қазақ – менің жалғызым» фотобайқауының жүлдегерлері анықталды

» Баспасөз релиздері » «Әр қазақ - менің жалғызым» фотобайқауының жүлдегерлері анықталды

04.03.2021, 14:53

4 наурыз 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Бүгін «Ақ жол» Демократиялық партиясы Қазақ Республикасының 100 жылдығына орай ұйымдастырған «Әр қазақ – менің жалғызым» атты фотобайқауының жеңімпаздарын анықтады.


Байқауға жас ерекшелігіне қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын 56 қатысушының жұмысы келіп түсті.
Ең көп дауыс жинаған және ракурс ерекшелігі мен түсіру шеберлігі, қасқағым сәт пен мазмұны, мағынасы мен сапасы жоғары 21 жұмыс тәуелсіз кәсіби фотографтар мен сарапшылардан құрылған қазылар алқасының қарауына өтті.


Партия төрағасы Азат Перуашев: – «Ақ жол» демократиялық партиясы тарихи-әдеби салада көптеген байқауларды өткізіп жүр. Ал бұл байқаудың жанры ерекше. Себебі портреттік, тақырыптық және басқа да суреттер арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосып, еліміздің көрікті жерлерін суреттер арқылы сөйлетіп, бейнесін ашып жүрген талантты азаматтарымыз көп. Адамдар арасындағы мейрімділік, сыйластық көріністерін де суреттер арқылы жеткізуге болады. Қатысушылардың жіберген суреттері өте әдемі. Фотолардың ішінде пандемия кезіндегі еңбек еткен дәрігерлердің де бейнесін көруге болады. «Әр қазақ – менің жалғызым» фотобайқауының идеясын қолдаған әріптестеріме, байқау қатысушыларына, қазылар алқасына ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ бұл фотобайқау алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылады ,– деді.

«Әр қазақ – менің жалғызым» фотобайқауына Үкімет басшысының жеке фотографы Шүкірәлі Шахай, «Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі Ерлан Омаров, ҚР Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса және Берік Дүйсембинов, «Ақ жол» партиясының орталық кеңесінің хатшысы Арман Сқабылұлы қазылық жасады. Олар 21 қатысушының жұмыстарын фотобайқау Ережесінде белгіленген талаптарға сай саралады.


Әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені (700 000 теңге) Советбек Мағзұмов, Ақмола облысы

I орын – (500 000 теңге) Салауат Жәнібекұлы (Маңғыстау облысы)

II орын (250 000 теңге) Бексұлтан Сайлаубеков (Қызылорда облысы)

II орын (250 000 теңге) Сәби Майемеров (Маңғыстау облысы)

III орын (100 000 теңге) Максим Стадниченко Атырау облысы


Сондай-ақ, Үмітжан Нұрымова (50 000 теңге) «Үздік портрет»,

Жанбибі Дүйсенбаева (50 000 теңге) «Қансонарда»

Қайсар Тәукебаев (50 000 теңге) «Бақытты балдәурен»,

Ізбасар Мағжанов (50 000 теңге) «Тарих бедерінде»,

Ермен Райымбек (50 000 теңге) «Кәсібім-нәсібім» номинацияларының иегері атанды.