«Ак жол» Үкіметті Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің ырқында кетпей, мемлекет мүддесін қорғауға шақырды

» Баспасөз релиздері » «Ак жол» Үкіметті Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің ырқында кетпей, мемлекет мүддесін қорғауға шақырды

09.09.2020, 16:37

9 қыркүйек 2020 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ак жол» Үкіметті Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің ырқында кетпей, мемлекет мүддесін қорғауға шақырды. Бүгін тиісті депутаттық сауалды Мәжілістің пленарлық отырысында Азат Перуашев жолдады.

ҚР Премьер-Министрі

А.Ұ.Маминге

Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!

Осы жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында Мемлекет басшысы  экономиканың зардап шегуімен болған шағын және орта бизнестің барлық қазіргі несиелері бойынша мөлшерлеменің жылдық пайызын 6%-ға дейін субсидиялауды қамтамасыз етуді тапсырды. «Ақ жол» депутаттары бұл шешімді толығымен қолдайды.   

Ағымдағы жылдың наурызында Төтенше жағдай енгізілгеннен бастап «Ақ жол» демпартиясының депутаттары Үкіметке, Ұлттық банкке және Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігіне несиелер бойынша шешімдердің мардымсыздығы, жаңа мөлшерлеме бойынша қаржыландырулардың қол жетімсіздігі, екінші деңгейлі банктермен қосымша шаралар әзірлеуді талап ету туралы ондаған үндеу жолдаған болатын.

Бәрі бекер. ҚР Президентінің Төтенше жағдайды форс-мажор деп тану туралы тапсырмасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі  агенттігі заңға сілтеме жасай отырып, банк несиелеріне қатысты мүлдем қолданылмайтыны туралы мәлімдеуге дейін барды. Біз кәсіпорындардың құлдырауы жағдайының кезінде бұл нормаларды жаппай қайта қарау жөніндегі талаптарымызға жарты жыл бойы жұмыс жасауға тыйым салу жағдайында өздерінің қабілетсіздіктерін танытатын мардымсыз жауаптар келді.

Несиелердің ішкі мерзімдері бойынша берілген несиені шегерулер мәселені шешпеді. Ағымдағы несие төлемдерін шегеру мерзімі өткен соң шегерілген төлемақылардың жинақталуы және қалған мерзімде несиелерді жабылуына қарай бұрынғыдан қомақты берешек сомаға айналды,  кәсіпорындардың құлдырауына қауіп туғызды, өйткені жарты жыл жұмыссыз тұрған өндірістің бірден қалпына келуі мүмкін емес.

Алайда банктер несиелер бойынша шарттарды ұзартпады, тіпті шегерулердің өзін әрең жүргізді. Өңірлерде болған іс-сапарлар барысында осындай оқиғалар туралы бізге көптеген шағымдар айтылды.

Ағымдағы жылдың 13 тамызында «Ақ жол» демпратиясы несиелік демалыстарды енгізу және төменгі мөлшерлеме бойынша бұрынғы барлық несиелерді қайта қаржыландыру туралы талап етіп, үкіметке кезекті үндеуді жолдауға мәжбүр  болды.

Сондықтан да мемлекет басшысының «экономиканың зардап шеккен секторы – шағын және орта бизнестің барлық қазіргі несиелері бойынша мөлшерлеме пайызын жылдық 6%-ға дейін мемлекеттік қаржылық көмек көрсетуді қамтамасыз ету» туралы шешімі –  бизнеске жасалған үлкен, баға жетпес көмек.

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі  агенттігі қиын кезде мыңдаған кәсіпкерлерге қажетті қолдау жасауға қарсы нормаларды өзгертуге тырыспады да. Өйткені, ол нормалар банк мүдделерін қорғайды. Мемлекет осыдан туындайтын шығындарды өзіне алуға мәжбүр.

Үкіметтің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі Үкімет отырысында ҚНБДА төрағайымы М.Е.Әбілқасымова қаржылық қолдау шараларының ахуалы туралы баяндады. Баяндамада атап өтілгендей, 2020 жылдың 1 шілдесіне субсидиялық несиелер бойынша орташа мөлшерлеме 15% құрады және төраға ханым субсидиялық несеиелер бойынша екінші деңгейлі банктердің ең төменгі мөлшерлемесі кем дегенде 20% жылдық мөлшерінде ұсынғанын ерекше атап өткен жөн.

Мемлекеттік қолдаудың үлкен үлесі бұл жолы да кәсіпкерлердің қолына тимейді, банктердің кірісін көбейтуге жұмсалады.

 «Ақ жол» фракциясы депуттарында мынандай сұрақ туындайды: мұндай шешім немен байланысты? Егер екінші деңгейлі банктер шағын және орта бизнес субъектілеріне несие жылдық 20% мөлшерлемен беретін болса, олар субсидиялық қаражатқа өзінің жоғары пайда түсімін салып отыр.

Шағын және орта бизнестің жаппай құлдыруы жағдайында банктердің «тәбеттерін» ақылға қонымда жағдайда шектеудің орнына, мемлекет оларды  олардың «тәбеттерін» ары қарай да қаржыландыруды жалғастыруда.

Қазіргі жағдайда бәрі, бизнес те, мемлекет те тиісінше шығындарға ұшырауда. Тек банктер ғана, ештеңе болмағандай, бұрынғы «тоқтық» жылдарындағыдай табысқа кенелгісі келеді.

Көптеген несие алушылар несеиелерді қайтара алмайтын кезде мемлекеттік субсидияларды алу үшін мөлшерлемені 14% дейін («2020 –Бизнестің жол картасы»  бойынша жасалғандай) төмендетудің орнына М.Е. Әбілқасымова ханым екінші деңгейдегі банктердің барлық «тәбеттерін» қанағаттандыруды  ұсынады.

      Бүгінде ДКБ бойынша субсидиялау Ұлттық банктің 5-тен 9% дейін өскен базалық мөлшерлемені негізге алады. Ұлттық банк жоғары 9% базалық мөлшерлемені қалдыра отырып, мемлекет есебінен екінші деңгейлі банктерді қаржыландыруды қолдап отыр.

Несиелерді субсидияландыруға бөлінген қаражат қарқынды жылдамдықпен бюджеттен «шайылып» кетуде. Сонымен қатар, Ұлттық банктің болжамдары бойынша Ұлттық қордың қаражаты 2023 жылы ЖІӨ  төмен қалдығы деңгейінде  30%  дейін азаяды.

Жоғары да айтылғандарға байланысты «Ақ жол» депуттарының фракциясы Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің ырқында кетпей мемлекет мүддесін қолдауды және банктерді шағын және орта бизнестің қазіргі несиелері бойынша субсидиялаудың несие мөлшерлемесін 14% дейін төмендетуді немесе Ұлттық  банктің 1,5 базалық  мөлшерлемесі бойынша, оның 6% кәсіпкер өзі төлейтін етіп, банктердің кірістің бір бөлігінен бас тартуын міндеттеуді сұрайды.

  Құрметпен,

 «Ақ жол» депутаттарының фракциясы