11
Тамыз

Алматыда «ақжолдықтар» Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

11 тамыз 2020 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы

Партия төрағасы Азат Перуашев бастаған «ақжолдықтар» Алматы қаласында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Биыл барша қазақстандықтар ұлы ақын, композитор, ағартушы және философ Абай Құнанбаевтың  175 жылдығын  атап өтуде.   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы жылғы 4 тамыздағы қаулысымен жаңа мереке  Абай күні болып белгіленіп, бұл күні елімізде  ұлы  ақынның туған күні атап өтілетін болады.

 «Ақ жол» Демократиялық партиясы барлық қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтайды.