12
Ақпан

Алматыда "Ақ жол" демпартиясына жас кәсіпкерлер тобы қосылды

Бұл туралы "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев өзінің telegram арнасында хабарлады:

"Әлеуметтік кәсіпкерлік, спорт, сауда, қаржылық консалтинг және өзге де салаларда жұмыс істейтін алматылық жас кәсіпкерлер тобына "Ақ жол " партиясының партиялық билеттерін табыс еттім.
Біздің партиямызға неліктен қосылып жатырсыз деген сұраққа жауап қысқа болды: өйткені "Ақжолмен" бірге болу абыройлы әрі сәнді))"

Сондай-ақ, сапар барысында Азат Перуашев, партияның төраға орынбасары Дмитрий Васильев, Алматы филиалының төрағасы Қуандық Бискультанов пен "Ақ жол" партиясының қалалық мәслихат депутаттары тобымен бірге мемлекеттік қорғаныс тапсырысы жүйесінде жұмыс істейтін және арнайы байланыс жүйелерін әзірлеу мен енгізуге, отты жүргізу мен басқаруға, қару-жарақты жаңғыртуға маманданған "Алатау" арнайы конструкторлық бюросына барды.

Толығырақ Азат Перуашевтің телеграм каналында: https://t.me/peruash

aqjol_news #aqjol_aimaq