“Ақ жол” автожолдарда жүру тарифін 5 есе ұлғайтудан бас тартуды талап етеді

» Депутаттық сауалдар » "Ақ жол" автожолдарда жүру тарифін 5 есе ұлғайтудан бас тартуды талап етеді

02.06.2021, 15:18

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Б. Қ. Атамқұловқа

Соңғы күндері еліміздің бірнеше өңірінде жол жүру тарифтерінің бес есе өсуіне байланысты кәсіпкерлер мен жүк көліктерінің наразылық науқандары өтіп жатыр.

Наразы азаматтар тарифтердің бұл өсімінің жол сапасына сай еместігін айқын көрсетіп, «ҚазАвтоЖол» компаниясы қызметінің жабық сипатына, оның монополиялық жағдайын теріс пайдалануына назар аударады.

Айта кетейік, 2013 жылы «Ақ жол» депутаттық фракциясы осы компанияны құруға қарсы шығып, «мемлекет пен салық төлеушілер есебінен пайда жасайтын кезекті құбыжық құрылуда» деп мәлімдеген болатын.

Өкінішке орай, мемлекеттік органдар біздің ескертулерімізді естімеді, ал содан бері компаниядағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалдар үнемі орын алып отырды.

Бес жылдан кейін, 2018 жылы, жолдардың ақылы болуын талқылау кезінде «Ақ жол» фракциясы Инвестициялар министрлігіне : «бүкіл әлемде ақылы автожолдар тегін баламалы трассасы болған жағдайда ғана енгізіледі. Ал сіз адамдарды таңдаусыз қалдырудасыз, не болса да жолдар олардың салықтары есебінен салынуда» деп еске салған болатын.

Бүгінгі таңда «ҚазАвтоЖолдың» тәбеті тағы да наразылық тудыруда. Бастамашылар жолдарды ақылы етуді нарықтық экономика талаптарымен түсіндіреді. Бірақ нарық бәсекелестік пен таңдаудың болуын білдіреді. Ал «ҚазАвтоЖол» тәсілі таңдаудан айырып қана қоймай, «өмір немесе әмиян» қақпасының алдында тұрған ша

Осы әрекеттердің негізінде Қазақстанда тасымалдау шығындары кейде тауарлардың өзіндік құнының 10-15%-ын құрайтынын түсіну керек. Ал тарифтің 5 еселік өсуі қазірдің өзінде қиын жағдайда тұрған халық үшін тауарлар мен азық-түлік бағасының өсуіне автоматты түрде әкеледі.

Мемлекет бизнестен бағаны көтеруді талап етпеген кезде, энергетиктерге және сол «ҚазАвтоЖолға» тарифтерді шексіз көтеруге мүмкіндік береді. Ал бизнестің бұл тонауды айналып өту мүмкіндігі жоқ, бүкіл ел монополиялардың экономикалық «кепілдігінде».

Демек, кәсіпкерлер де, азаматтар да өздерінің ақшаларына құрылған құрылымдардың түпсіз тәбеті үшін және таңдау құқығын бұза отырып жұмыс істейді.

«Ақ жол» фракциясы жүргізушілер мен кәсіпкерлерді қолдап, мұндай жағдайға жол берілмеуі керек деп есептейді. Біз компаниядан тарифті ұлғайту бойынша мәлімделген жоспарлардан бас тартуды талап етеміз.

Жақында «ҚазАвтоЖол» компаниясында басшылық ауысты. Біз жаңа менеджменттен қоғам мен шағын және орта бизнес мүддесі үшін барынша дұрыс әрі салмақты шешімдер күтеміз.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары