«Ақ жол»: барлық жер қойнауын пайдаланатын инвесторларға еңбек құқықтарын және жалақы деңгейін тексеріп, қазақстандық жұмысшылардың жағдайын ойлайтын кез келді

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол»: барлық жер қойнауын пайдаланатын инвесторларға еңбек құқықтарын және жалақы деңгейін тексеріп, қазақстандық жұмысшылардың жағдайын ойлайтын кез келді

03.02.2021, 13:34

ҚР Энергетика Министріне

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне

Осы депутаттық сауалға себеп, Ақтөбе облысындағы Көкжиде және Бәшенкөл кен орындарындағы “КМК Мұнай” мен “АМК Мұнайдың” бір аптаға созылған, жүздеген жұмысшыларының ереуілі.

Жұмысшылардың талабына сәйкес компания басшыларымен келіссөздер жүргізілген.

Бірақ, желідегі ақпарат бойынша екі ереуілдің нәтижелері екі түрлі болды.

«КМК Мұнай» мұнайшыларының барлық талаптары мойындалса, ал «АМК Мұнай» компаниясының шешімі мойындалмағанмен бірдей.

67 мың теңге айлыққа, үш айға ғана 40 мың теңгеден қосатын болды. Яғни, бір салада істейтін жұмысшылардың жалақыларында 2 жарым есе айырмашылық бар.

Кеше ғана тағы бір Қытайдың «Симписи Актобемұнайгаз» компаниясының мердігер жұмысшылары жалақы көтеруді талап етіп, ереуіліге шықты. Ақпарат бойынша олардың айлықтары 55 мың тенге екен.

Мүндай жалақы мұнай саласында бар деп түсіну мүмкін емес.

Бұл оқиға қайтадан шетелдік инвесторлардың қазақ жұмысшыларына төленетін жалақылары қаншалықты әділетсіз екенін көрсетіп отыр.

Мәселе тек осы компанияларда емес.

Сонымен қатар, Қазақстандағы инвесторлар шетелдік және жергілікті жұмысшылардың жалақысымен оларға берілетін әлеуметтік төлемдердің теңсіздік мәселелері жылдар бойы көтеріліп келеді.

Бір ғана мысал, кейбір кәсіпорындарда сағаттық тарифтік мөлшерлемесі,

– жергілікті инженерге 568 теңге, ал шетелдік қызметкерге 6500 теңге көлемінде тағайындалған.

Бүгінгі таңда, білімді де білікті жастарымыз өз маманы бойынша жұмыс таппай, өз  елінде білікті маман ретінде бағаланбай шетелге кетіп жатқаны қанша ма?

Осы орайда назар аударатын жәйіт.

Өткен айда Алматы облысының тумасы Әсел Төленова АҚШ Президенті Байденнің «Хаттама қызметі» бастығының міндетін атқара бастады. Сондай ақ, әйгілі Google, IBM, Apple  т.б. компанияларда қаншама қазақ жастарының жұмыс жасап жатқандарын білеміз.

Сондықтан, Қазақстанда өз жұмыстарын дөңгелетіп отырған шетелдік компанияларға жергілікті қызметкерлердің жалақысына әділетті қарауын сұрайтын уақыт келді.

Дамыған елдерде жер қойнауын пайдаланушылар салық төлеуден басқа,

  • жергілікті басшы кадрларды дайындауға,
  • жергілікті бизнеспен бірлескен сервистік компаниялар құруға,
  • өндірілетін шикізатты қайта өңдеуді жолға қоюға міндеттеледі.

Ал бізде ше, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қаражат салған шетелдік комапниялырының көбі өз инвестицияларын баяғыда ақтап, біздің табиғи байлықтарымыздан бірнеше есе пайда тапты.

Шетелдік шикізат алыптары отыз жылдың ішінде:

– қазақстандық мамандарды оқытуға,

– біздің азаматтарды компаниялардың басшыларына іріктеп алуға,

– шетелден сатып алынатын тауарларды бірлескен кәсіпорын құра отырып, осы жерден шығаруға мүмкіндік болмады ма?

Осыны қалай түсінуге болады?

«Ақ жол» Демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының басты талаптарының бірі, ол шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарға қойылатын сұраныстарды күшейту. 

Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы:

  1. барлық жер қойнауын пайдаланатын инвесторларды, қазақ жұмысшыларының еңбек құқықтарын, сонымен қатар жалақы деңгейін тексеріп, диспропорцияларды жоюды;
  2. құзырлы органдардың өңірдегі еңбек нарығын мұқият зерттегеннен кейін ғана шетелдік жұмысшы квоталар бойынша ұсыныстарды қалыптастыруды, сондай ақ,
  3. шетелдік инвесторлардан Қазақстанның ұлттық мүддесін сақтауды талап етеді.

Құрметпен,

«Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы