«Ақ жол» Демократиялық партиясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Әр қазақ менің – жалғызым» атты дәстүрлі фотобайқауын жариялайды

» Баспасөз релиздері » «Ақ жол» Демократиялық партиясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Әр қазақ менің - жалғызым» атты дәстүрлі фотобайқауын жариялайды

25.08.2021, 10:48

25 тамыз 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Байқаудың негізгі мақсаты – портреттік, тақырыптық және өзге де жанрлар арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтардың бейнесін ашу, Алаш ұстанымын насихаттау.

Байқауға жас ерекшелігіне, мамандығына қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.

         Байқау талаптары:

         Жұмыстар 2021 жылдың 25 қазанына дейін https://akzhol.kz/байқау/ тіркеу  сілтемесіне тіркелу арқылы қабылданады.

Жұмыстарға дауыс беру «Ақ жол» партиясының ресми сайтында https://akzhol.kz/fotokonkurs-2/ сілтемесі бойынша 25 қазаннан – 25 қарашаға дейін жүргізіледі. Дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған 20 жұмыс байқау комиссиясының бағалауына жіберіледі.

Байқау комиссиясының дауысы шешуші шешім болып табылады. Комиссия фотокөрменің экспозициясына конкурстық жұмыстарды енгізуге құқылы.

Тіркелу барысында әрбір жұмыста автор туралы деректер аты-жөні және жұмыстарының атаулары толыққанды түрде көрсетілуі тиіс.

Фотосуреттер JPG/JPEG форматтарында болуы және әрбір суреттің көлемі 5 Мb-тан аспауы керек және фотосуреттердің файлдық атауы «Фамилиясы және реттік нөмірі» форматында сақтап тіркелуі тиіс.

Мысалы: «Нурланов1.jpg», «Нурланов2.jpg», «Нурланов3.jpg» «Нурланов4.jpg» «Нурланов5.jpg»

         Қатысушы байқауға өз суретін жібере отырып, фотоның авторы өзі екендігіне және ол ешкімнің авторлық құқығын бұзбайтындығына, сондай-ақ сурет бұрын ешқандай фотобайқауға ұсынылмағандығына және ешқандай басылымда/интернет-ресурста жарияланбағанына кепілдік береді.

         Фотобайқауға қатысушылар авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуы бойынша жауапкершілікті өз мойнына алады. Байқауға қатысушының суреттеріне қатысты үшінші тараптан қандайда бір шағым түскен жағдайда қатысушы мәселені өз мүмкіндіктеріне сүйеніп, тиісті шығындарын өз есебінен жабу арқылы шешуге міндеттеледі.

         Қатысушы байқауға өз суретін жібере отырып, Ұйымдастырушыларға болашақта өз фотоларын электронды және баспалы БАҚ құралдарында, Ұйымдастырушының сайты (https://akzhol.kz/) мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында авторлық қаламақысыз және коммерциялық емес мақсатта шектеусіз көлемде пайдалануға келісім береді. Ұйымдастырушылар фотобайқауға қатысушының суретін әрбір қолданған кезде автордың аты-жөнін тиісті талаптарға сәйкес көрсететін болады.

         Байқауға жіберілген суреттер фотобайқаудың тақырыбына сай келмесе, суреттің шығармашылық және техникалық сапасы нашар болса, фото эротикалық мазмұнда болса, сондай-ақ суреттерде зорлық-зомбылыққа, нәсілдік және діни төзбеушілікке шақыру белгісі байқалса, анонимді (автор туралы нақты әрі шынайы ақпарат берілмесе) болса фотобайқауға қатыстырылмайды.

         Суреттер автордың әлеуметтік желісінде #aqjol_photobaiqau хэштегі бойынша және @akzhol_partiyasy (Instagram әлеуметтік желісі) және «Ақ жол» партиясы (Facebook әлеуметтік желісі) аккаунттарына орналастырылуы керек.

         Ұйымдастырушы көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстарды байқауға жібермеуге құқылы.

Байқаудың жеңімпаздарын тәуелсіз кәсіби сарапшылардан тұратын қазылар алқасы анықтайды.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 2 500 000 теңге

Бас жүлде 1 000 000 теңге

Фотобайқаудың басқа жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар беріледі.

         Фотоконкурстың нәтижесі 2021 жылдың 25 қарашасында жарияланып, «Ақ жол» партиясының ресми сайтында және https://akzhol.kz/   https://www.facebook.com/aqjolpartiyasy/ https://www.instagram.com/akzhol_partiyasy/ әлеуметтік желілерінде жарық көреді. Оған қоса жүлделі орындарға ие болған жұмыстар республикалық «Қазақ үні» газетінде жарияланады.

         Байланыс телефоны: 8 (7172) 602-673             Электронды пошта: press-akzhol@mail.ru

Байқау ережесінің толық нұсқасын жүктеу үшін: