«Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық штабы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда

» Аймақ - жаңалықтары » Ақмола облысы » «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық штабы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда

15.12.2020, 16:27

15 желтоқсан 2020 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалының үгіт-насихат тобы Ақкөл ауданының сайлаушыларымен кездесті.

Кездесуге Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова және Ақкөл ауданының маслихат депутаттығына кандидаттар қатысты. 

Кездесу аудандық Абай атындағы кітапханада өтті.

Үгіт-насихат тобы «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партияның 6-шақырылымында атқарған жұмыстары туралы айтты.

Сондай-ақ сол күні партияның Ақмола облыстық филиалының Степногорск қаласы маслихаты депутаттығына кандидат В.Лагута “Сказка” балабақшасынның ұжымымен кездесті.

“Ақ жол” кандидаттары тұрғындар сауалына жауап беріп, сайлаушылардың пікірін тыңдады.