«Ақ жол» депутаттары шетелдік мұнай инвесторларынан Қазақстан экономикасына қосатын үлестерін көп созбай іске асыруын талап етеді

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол» депутаттары шетелдік мұнай инвесторларынан Қазақстан экономикасына қосатын үлестерін көп созбай іске асыруын талап етеді

24.02.2021, 13:40

 ҚР Энергетика министріне

30 қарашада Үкімет, мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға арналған маңызды бастаманың бірі  Халықаралық мұнай-газ машина жасау және дамыту бойынша орталығын құру бойынша шетелдік инвесторларымен Меморандумға қол қойды.

Бұл орталық сервистік компанияларға жергілікті өндірушілерге 3 ірі оператордың (NCOC, КПО және ТШО) қажеттіліктері үшін тауарларды өндіруде және қызметтерді жеткізуде жергілікті компаниялардың қатысуына мүмкіндік береді.

Екіншісі, ол «Шеврон» компаниясымен жергілікті қамтуды дамыту үшін тікелей инвестициялық қорын құру.

Министрдің айтуынша, «Шеврон» компаниясы өзінің Қазақстан Республикасы алдындағы қайта инвестициялау міндеттемелері шеңберінде 248,5 миллион доллар бөлуді жоспарлап отырғанын, сондай ақ, қаржы үш бағыт бойынша салынатынын айтты:

1. Технологиялар және IT технологиялар,

2. Негізгі тауарларды өндіру және мұнай-газ секторына арналған жабдықтардың жекелеген түрлерін құрастыру

3. Қоршаған ортаны қорғау.

10 жыл ішінде Қордың Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімге (оң әсері 642 миллион долларды (немесе шамамен 270 миллиард теңгені) құрайды және импортталатын тауарлар мен қызметтердің белгілі бір бөлігі ел ішінде өндіріледі деп болжануда, бұл, импорттың 86 миллион долларға немесе 36 миллиард теңгеге төмендеуіне әкеледі деп мәлімдеді.

Әрине, бұл ақпарат барша қазақстандық кәсіпкерлер үшін үлкен құаныш болды.

Табиғи байлығымызды пайдаланатын шетелдік инвесторлар, тек салықты ғана төлемей, соған қоса, жергілікті компанияларға тиісті технологияларды, қолданылатын техниканың саймандарын қамтуға, шетелден сатып алынатын тауарларды бірлескен кәсіпорын құра отырып жергілікті жерде шығаруға мүмкіндік тудыру – «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы талаптарының бірі болып табылады.

Алайда, жоғарыда аталған жергілікті қамту үлесін арттыруға мүмкіндік беретінекі бастаманың  айлар бойы қағаз жүзінде қалып, дер кезінде  жүзеге аспай отырғаны «Ақ жол» фракциясы депутаттарының наразылығын тудырды.

Өйткені, бұл тапсырманың маңызы қарапайым ынталандырумен байланысты болып отыр: ол, отандық компаниялардың жағдайын жақсарту, аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу және салықтық түсімдерді арттыру.

Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясының депутаттары келесі сұрақтарға жауап  беруді сұрайды.

  1. Халықаралық мұнай-газ дамыту бойынша машина жасау Орталығының нақты ашылу кезеңдерімен даму мерзімдері туралы, және бүгінгі күнге дейін осы Орталыққа қай шетелдік инвесторлар қанша қаражат құйғаны бойынша ақпарат беруіңізді сұраймыз.
  • Жергілікті қамтуды дамыту үшін тікелей инвестиция қорының қаражаты қайда және қалай жұмсалатыны туралы ақпарат ұсынуды.
  • Қордың Басқарушы компаниясын іздестіру мен инвестициялық саясаты бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

      Жобаларды іріктеу қалай ұйымдастырылмақ?

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары