«Ақ жол» фракциясы қызметкерлері толық вакцина алған шағын және орта бизнестің жұмыс уақытын шектемеуді талап етеді

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол» фракциясы қызметкерлері толық вакцина алған шағын және орта бизнестің жұмыс уақытын шектемеуді талап етеді

12.05.2021, 16:17

12 мамыр 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

ҚР Денсаулық сақтау

министрі А. В. Цойға

            «Ақ жол» демократиялық партиясына өздерінің жұмысына қойылған түрлі шектеулермен келіспейтін, көбінесе экономикаға ғана емес, жалпы ойға да қайшы келетін мәселелер бойынша кәсіпкерлер өтініш білдіруде.

            Елде әлі де белгілі бір карантиндік аймақтардағы шектеу шаралары туралы бірыңғай талаптар жоқ, әр аймақтың санитарлық дәрігерлері өздерінің түсініктеріне сүйене отырып шешімдер шығарады.

            Нәтижесінде енгізілген шектеулер кейде абсурд театрына ұқсайды.

            Сонымен, елордада жазғы алаңдар мен кафелер мен мейрамханалардың ашық террассаларының жұмысына сағат 24:00-ге дейін рұқсат етіледі. Ал, мысалы, Қарағанды облысының Теміртау қаласында санитарлық дәрігерлер кешкі сағат 20.00-ден кейін жұмыс істеуге тыйым салады және олардың жұмысын ең қажетті деп танылатын 4 сағатқа қысқартады.

            Бүгінгі таңда екі аймақ да «қызыл аймақта» болса да, елде мұндай фактілер көп.    Қоғамдық тамақтану объектілерінің иелері келесіні түсіндіруді талап етеді:        Теміртау қаласының «қызыл аймағы» Нұр-Сұлтандағы «қызыл аймақтан» несі кем?

            Кафелер мен мейрамханалар үшін бұл жәй мәселе емес: олардың есептеулеріне сәйкес үй-жайларды ұстауға, жалақы, салық, несие төлеуге және т.б. шығындарды кірістермен жабу, кем дегенде сағ. 22.00-ге дейін жұмыс істеуді талап етеді. Ал бұлардан бөлек өмір сүруге де ақша керек қой.

            Пандемияға қарсы күресу қажеттілігін түсіне отырып, сауда және қызмет көрсету саласының кәсіпкерлері халықты жедел вакцинациялауға және қоғамда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға көмектесуге дайын.

            Бірақ бұл үшін тыйымдар емес, реттеу және ынталандыру шаралары тиімді болар еді.

            Мысалы, кәсіпкерлер жұмысшылардың 100%-ы екі компонентпен вакцинацияланған сауда және тамақтану орындарына шектеулерді жеңілдетуді ұсынады.     Мұндай нысандар үшін жұмыс уақытының шектеулерін алып тастау ұсынылады.

            Бұл шара өңірлердегі «Ashyq» жүйесіндегі олқылықтардың орнын толтыруға көмектеседі және вакцинация процестеріне күн сайын көптеген азаматтармен байланысатын мыңдаған ШОБ қызмет көрсететін персоналды тартады деп санаймыз.

            Сондай-ақ, мұндай тәсіл кәсіпкерлер арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетеді, олар үшін айналымдарды толтыру және қалыптасқан дағдарыстан шығу үшін жол ашады.

            Айта кетейік, Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, пандемия кезеңінде          Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға артты. Ең алдымен, бұл жұмысы күйреген кәсіпкерлер және олардың бұрынғы қызметкерлері. «Атамекен» палатасының мәліметінше, пандемия кезінде бүкіл ел бойынша 430 мың ШОБ нысаны жұмысын тоқтатты немесе толығымен жабылды. Адамдар жұмыстарынан айрылып, түсініксіз жағдайда өмір сүруде.

            Осыған байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы төмендегілерді ұсынады:

            1)         бірыңғай стандарттарды қолдана отырып, бизнесті шектеу талаптарын аймақтар бойынша біріздендіру;

            2)         қызметкерлері 100% вакцинациялаудан өткен ШОБ объектілері үшін жұмыс уақыты бойынша шектеулердің күшін жоюды көздеу.

            Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары