«Ақ жол» фракциясының депутаты Дәния Еспаева Алға ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

» Аймақ - жаңалықтары » Ақтөбе облысы » «Ақ жол» фракциясының депутаты Дәния Еспаева Алға ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

09.07.2021, 16:04

9 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы

Халық қалаулысы Ақтөбе өңіріндегі сапары аясында Алға ауданындағы жол учаскесіне барып, Ақтөбе-Қандыағаш жолының құрылысымен танысты. Нысанды жоспарланған мерзімінде тапсыру, құрылыс материалдарының қымбаттау себептері айтылды.

Алға қаласын көркейту мақсатында тұрғын үй, балаларға арналған ойын алаңдарының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Сапар қаладағы 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй және балаларға арналған ойын алаңдарының құрылыс аймағында жалғасты.

Құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесіп, қажетті материалдар бағасының өсуіне орай бекітілген нысан сметасының құнын 40% – ға арттыру мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ, Дәния Мәдиқызы Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның №6655 әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.

Мұнан соң халық қалаулысы Алға қаласының тұрғындарын қабылдап, толғандырған мәселелерін тыңдады.