«Ақ жол» фракциясының Мәжіліс депутаттары Алматы облысында іс-сапарда болды
30.01.2021, 12:02
30 қаңтар 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы облыстық филиалы
Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, ҚР мәжіліс депутаты Андрей Линник Алматы облысына іс-сапармен келді.


Сапар барысында мәжіліс депутаттары Қапшағай қаласының әкімі Нұрлан Құматаевпен кездесті. Мұнан соң елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай кезінде қала тұрғындарының денсаулығын жақсартуға күш салған дәрігерлер мен медбикелерге алғыстарын айтып, «Жанқиярлық күресі үшін» төсбелгісін табыстады.
Сондай-ақ халық қалаулылары Жетісу өңірінің орталығы – Талдықорған қаласына да барды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов бірге облыстық аурухананың ұжымымен кездесіп, әлемдік індетпен жан аямай күрескен талдықорғандық 32 дәрігерге «Жанқиярлық күресі үшін» төсбелгісі табыстады.