23
Ақпан

“Ақ жол” партиясы “Алаш” ұстанымдары мен ұлттық құндылықтарды жүзеге асыру үшін еңбек еткен бірқатар азаматтарды “Қазақ Республикасына 100 жыл” медалімен марапаттады

22 ақпан 2021 жыл, “Ақ жол” Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

“Ақ жол” Демократиялық партиясы бірқатар азаматтарды Қазақ Республикасына 100 жыл және “Алаш” ұстанымдары мен ұлттық құндылықтарды жүзеге асыру үшін медалімен марапаттады. Олардың ішінде Сұлтанбек Қожанұлының жиен немересі Светлана Тыныбекова, Хайретдин Болғанбайұлының жиен немересі Жамбыл Кәмелов, Қошмұхамед Кемеңгерұлының немересі Ризабек Кемеңгеров, Хайретдин Болғанбайұлының жиен немересі, Алаш қайраткерлері туралы жаңа кітаптың авторы Достық Кәмелов, Сұлтанбек Қожанұлының тікелей ұрпағы Төлен Қоңқақов, “Тұр, қазақ” өлеңінің авторы Байбатыр Ержанұлының туған немересі Қайыржан Құлақбаев, Санкт-Петербург мемлекеттік орман шаруашылығы университетінің түлегі Майкен Әзенов, журналист, Kazakh NV директоры, «Тайны. Судьбы. Имена» дерекеті фильмдері циклының авторы әрі жүргізушісі Майя Бекбаева, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-гимназиясының директоры, тұңғыш Әлихан мұражайының ұйымдастырушысы Сафура Төлек және Ж.Досмұхаметұлының өмірі зерттеуші ғалым, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Равиль Мәжитов бар.

«Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Алаш саяси мұрасы Қазақстанды жаңғыртудың ұлттық идесы екенін айта келе, марапатталғандардың еңбектеріне сәттілік тіледі.