«Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының конференциясы өтті

» Аймақ - жаңалықтары » Алматы қаласы » «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының конференциясы өтті

07.11.2020, 10:48

7 қараша 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы

Бүгін Алматы қаласында филиалдың партиялық конференциясы өтті. Конференцияда филиалдан партия құрылтайына баратын делегаттар сайланды. Конференция  жұмысына «Ақ жол»  демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев қатысты.

Конференция барысында алдымен партияның Алматы қалалық филиалының басшысы Қуандық Бексұлтанов партия филиалы жұмысының  басты қорытындылары туралы мәлімдеді. Есепті кезеңде филиалдың үш отырысы,  партия  бюросының  6 отырысы өткенін, филиал мүшелері «Ізгілік жаса» ұранымен қайырымдылық және бұқаралық саяси акциялар өткізгенін  жеткізді.

Атап айтқанда, коронавирустық пандемия және осыған байланысты карантин кезінде қарт адамдар мен материалдық жағынан мұқтаж қала тұрғындарына қайырымдылық  қолдау  көрсетілді.

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында тыл еңбеккерлері мен майдангерлеріне материалдық көмек көрсетілді. Мегаполис тарихымен  таныстыру,  сонымен қатар  патриотизм  мен  тарихи мұраға деген сүйіспеншілікті дамыту үшін «Мен – Алматымын» челленджі ұйымдастырылды.

Партия филиалы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары   Е.Никитинская мен Д. Еспаеваның қатысуымен бизнес, салалық қауымдастықтар мен жас кәсіпкерлер өкілдерімен онлайн-кездесу  ұйымдастырды, кездесу барысында фракция депутаттары көптеген сұрақтарға жауап беріп, карантин жағдайында шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау іс- шаралары туралы айтты.

«Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалы кеңесінің екі мүшесі Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінде, алты мүшесі қалалық Ардагерлер ұйымының  кеңесінде Ақ жол» партиясы атынан белсенді  жұмыс істейді.

Конференция төраға баяндамасын бекітіп, партия қалалық филиалының жұмысына қанағаттанарлық баға берді.

Бұдан әрі Азат Перуашев сөз алды.  Депутат алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына дайындық барысына  баса назар аударды. Алдағы «Ақ жол»  съезінің форматы туралы мәселеге қатысты Азат Перуашев съезге қатысушылардың қысқартылған санын  шақыруды жоққа шығармады. Бір нұсқа ретінде  партия  құрылтайына   партияның барлық филиалдарының басшыларын жіберуді және съездің шешімдері  бойынша онлайн-дауыс беру мен талқылауды қарастырады.

Сондай- ақ, партия төрағасы «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасының тарауы болып табылатын кейбір мәселелерге тоқталды. Олардың ішінде – Қазақстан Республикасында парламентаризм мен демократияны дамыту мәселесі. «Біз сайлауда жеңіске жеткен партия Үкімет құрамын қалыптастыруы тиіс деп санаймыз. Дүниежүзінде осылай жасалады. Содан кейін осы үкіметтің жеңістері мен сәтсіздіктері үшін сайлауда жеңіске жеткен партия жауап береді»  – деді Азат Перуашев.

 «Ақ жол» партиясы бастамалары ішінде қала және ауыл әкімдерін тікелей сайлау мәселесі де қаралады.

Партияның жуық арадағы басты міндеті шағын және орта бизнес нысандарында карантин ережелерін бұзуды анықтайтын мониторингтік топтардың жұмыс ережелерін өзгерту деп атады. «Ақ жол» парламенттік фракциясының депутаттық сауалы осы мәселеге арналады деп күтілуде».

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін партия құрылтайына делегаттар құрамы бекітілді. Алматы қалалық филиалынан құрылтайға 20 делегат қатысады деп жоспарлануда.