25
Наурыз

«Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы «Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасын өткізді

19 наурыз 2021 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы

         «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы  8-22 наурыз күндері «Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасын өткізді.

         Қайырымдылық акциясы партияның облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен жүзеге асты.

         Акция өңірдегі Көкшетау қаласы мен Зеренді, Степногорск, Ерейментау, Шортанды, Ақкөл аудандарын қамтыды.

         Облыстық мәслихат депутаттары Борис Мельников, Ғалымжан Көпішов, Ольга Абдрахманова, Степногорск ауданының мәслихат депутаты Жәнібек Кусманов жалғыз басты және көп балалы аналардың отбасына азық-түліктер табыстап, Наурыз мерекемен құттықтады.

         Мереке аясында  Ақмола облысы, Заводской елді-мекенінің әкімі Марат Мадьяров, Ақмола облыстық филиалының төрағасы Борис Мельников пен Жәнібек Кусмановқа ауылды көркейтуге зор үлес қосқандары үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.