«Ақ жол» партиясының депутаты Андрей Линниктің Әулие ата өңіріндегі жұмыс сапары жалғасуда

» Аймақ - жаңалықтары » Жамбыл облысы » «Ақ жол» партиясының депутаты Андрей Линниктің Әулие ата өңіріндегі жұмыс сапары жалғасуда

09.07.2021, 20:27

9 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы 

Халық қалаулысы аймаққа жасаған сапары аясында «Фабрика ПОШ-Тараз» фабрикасының өндіріс ошағымен танысып, жұмысшыларымен кездесті. Кәсіпорынды аралап көрген депутат бірқатар мәселелерге назар аударды. Фабрика ұжымы шикізат табу қиынға соғып тұрғанын,  істі ілгерілету үшін мемлекет тарапынан қаржылай қолдау қажет екенін тілге тиек етті.

Мұнан соң депутат Жамбыл ауданында орналасқан «Super Farm» ЖШС-на барды. Медициналық бұйымдар өндіретін нысанның тіршілігі бүгінде қызып тұр.  

  • Қазіргі пандемиялық жағдайда бұл кәсіпорынның маңызы жоғары. Өйткені, сіздер халықтың денсаулығына қызмет етіп жүрсіздер. Осындай жандардың «Ақ жол» партиясының мүшелері болғаны мені қуантады. Біздің қатарымыз қоғамға пайдасын тигізетін азаматтармен толыққаны жақсы, – деген халық қалаулысы осы мекеменің бірнеше қызметкеріне партиялық билеттерін табыс етті.

Сондан кейін партия филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізіп, тараздықтардың жеке және тұралап қалған кәсіпкерлік нысандарына қатысты мәселелерін тыңдады.