31
Желтоқсан

«Ақ жол» партиясының елордалық филиалы мереке қарсаңында «Жаңа жылда - жарқын жолмен!» шаңғы марафонын өткізді

31 желтоқсан 2020 жыл, Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясының Астана қалалық филиалы

«Ақ жол» партиясының астаналық филиалы Жаңа жыл қарсаңында елордалық саябақта «Жаңа жылда-жарқын жолмен!» шаңғы марафонын өткізді.

Үгіт-насихат науқаны аясындағы іс-шара келе жатқан 2021 жылы салауатты өмір салтын насихаттау және жағымды қоғамдық көңіл-күй қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Марафонға партия төрағасы Азат Перуашев, «Ақ жол» депутаттығына кандидаттар, қалалық филиалдың басшылығы мен активі қатысты.

Осылайша «ақжолдықтар» салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын көрсетті.

«Дені сау ұлт қана биік мақсаттар мен міндеттерді қоюға және оларды шешуге қабілетті. Біз алға ұмтылатын партиямыз. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз», - деді филиал төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Асқар Смағұлов.

Жарысқа қатысқан жастар шараның ерекше рух пен жігерлілік беретінін атап өтті.

Марафоннан кейін Азат Перуашев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады.

«Өткен жыл біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін қиын болды. Бірақ ол еліміздің мықты бірлігін екенін көрсетті, себебі біз пандемияның қиындықтарын бірге еңсердік…

Барлық проблемалар ескі жылда қалсын. Ал жаңа жылда бірлігіміз, достығымыз және жанашырлығымыз арта түссін. «Ақ жол» партиясы өз сайлаушыларының үмітін ақтауға тырысады. Жаңа, 2021 жыл жетістіктер, үлкенді-кішілі жеңістер жылы болсын. Денсаулық пен амандық тілеймін!», - деді Азат Перуашев.