19
Ақпан

"Ақ жол" партиясының Қарағанды облыстық филиалында "ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы" байқауының жүлдегерлері марапатталды

19 ақпан 2021 жыл, "Ақ жол" партиясының Қарағанды облыстық филиалы

Партияның Қарағанды облыстық филиалында "Ақ жол" Демократиялық партиясы дәстүрлі түрде өткізіп келетін "ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы" байқауының жүлдегерлері марапатталды.

«Қазақ Республикасының 100 жылдығы: Алаш автономиясының Қазақ (Қырғыз) АКСР-іне ұласуы» атты номинациясы бойынша III орын алған Қарағанды қаласы, № 25 жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Семак Анастасияға арнайы жүлдесі табысталды.

Сондай-ақ, "ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы" жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі бойынша жүлдегер атанған №12 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі, әдебиет пәндері мұғалімі Аққу Елеусізова мен №68 мектеп-интернаты тарих пәнінің мұғалімі Аяукан Батарханда марапатталды.