«Ақ жол» партиясының Республикалық сайлауалды штабының отырысы өтті

» Баспасөз релиздері » «Ақ жол» партиясының Республикалық сайлауалды штабының отырысы өтті

14.12.2020, 13:54

14 желтоқсан 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы баспасөз қызметі

 «Ақ жол» партиясының Республикалық сайлауалды штабының отырысы өтті

Айта кетейік, 2020 жылдың 3 қарашасында республикалық және партияның барлық филиалдарында осындай аймақтық штабтар құрылды. Республикалық штабтың басшысы – Азат Перуашев, ал Болат Өтепбаев пен Айгүл Жұмабаева орынбасарлары болып тағайындалды. Штабқа орталық аппараттың барлық жауапты қызметкерлері кірді. Сайлау алдындағы құрылтайдан кейін штаб құрамына партиялық тізімдегі кандидаттар да енгізілді.

Отырыс барысында Азат Перуашев штабтың қазіргі ұйымдастырушылық жұмысы туралы айтып берді. БАҚ-пен келісім-шарттар жасалып, үгіт-насихат материалдарының жеткілікті саны дайындалып, басып шығарылды және ел өңірлерінде 317 баннер орнатылды.

«Іс-шаралардың желілік кестесі эпидемиологиялық жағдайға байланысты апта сайын жаңартылып, түзетіліп отырады. Қазіргі уақытта сенімді тұлғалардың тізімін тіркеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, кеше штаб осы мәселе бойынша кеңес өткізді», – деп атап өтті ол.

Азат Перуашев әріптестерін үгіт-насихат шараларын жүргізу кезінде бас санитарлық дәрігердің барлық нұсқауларын мүлтіксіз сақтауға шақырды.