25
Ақпан

«Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» байқауының жүлдегерлері марапатталды

25 ақпан 2021 жыл, “Ақ жол” партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

         Партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалында “Ақ жол” Демократиялық партиясы дәстүрлі түрде өткізіп келетін “ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы” байқауының жүлдегерлері марапатталды.

         «Қазақ Республикасының 100 жылдығы: Алаш автономиясының Қазақ (Қырғыз) АКСР-іне ұласуы» атты номинациясы бойынша үздік атанып, І орын иегері Шығыс Қазақстан облысы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті Айгерім Нұржановаға арнайы жүлдесі табысталды.

         Сондай-ақ, “ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы” жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі бойынша жүлдегер атанған Гүлдана Айқында марапатталды.