«Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

» Аймақ - жаңалықтары » Шығыс-Қазақстан облысы » «Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

22.05.2021, 14:10

22 мамыр 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

21 мамыр күні “Ақ жол” демпартиясының Шығыс Қазақстан филиалының облыстық конференциясында облыстық ұйымның жаңа төрағасы сайланды. Енді оны 35 жастағы кәсіпкер, “DK Proekt” компаниясының жетекшісі Мақсат Шәкіров басқаратын болды.

Ол сондай-ақ “Ақ жол” демпартиясының партиялық тізімі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына үміткері.

Конференция жұмысына партия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов пен “Ақ жол” партиясы Орталық кеңесінің хатшысы Асылхан Қожахметовтер қатысты.

Конференция делегаттары аймақтағы коронавируспен күрес жағдайын, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын, мониторингтік топтар мәселесін және мемлекеттік сатып алу жүйесінің проблемаларын талқылады.

Шара соңында Берік Дүйсембинов “Ақ жол” демократиялық партиясының Президиумы атынан пандемия кезінде көрсеткен ерліктері үшін жергілікті медицина қызметкерлері мен еріктілерді, сондай-ақ, өткен сайлауда лайықты жұмыс істеген партияның бақылаушылары мен сенімді өкілдерін марапаттады.