«Ақ жол» «Соғыс балалары» мәртебесін заңды түрде бекітуді ұсынды

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол» «Соғыс балалары» мәртебесін заңды түрде бекітуді ұсынды

12.05.2021, 15:48

12 мамыр 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

ҚР Премьер-Министрінің
орынбасары Е.Л. Тоғжановқа

Үш күн бұрын бүкіл әлем Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германияны талқандаған Жеңістің тағы бір жылын атап өтті. Бұл күндері біз ардагерлеріміздің өшпес ерлігін еске аламыз.
Майдангерлерге құрмет көрсетумен қатар тыл еңбеккерлеріне де ізет көрсету аса маңызды деп санаймыз. Қазақстанда соғыс жылдарында олар 460-тан астам зауыттар мен фабрикалар салды, миллиондаған тонна астық пен жүздеген мың тонна ет өндірді, 2,5 млн жылы киімдер, 1600-ден астам вагон жөнелтілім майданға жіберді.
Әрбір кеңестік танк, ұшақ, кеме, снаряд құрамында Қазақстан кеніштерінде өндірілген мыс, қорғасын, вольфрам, молибден болды.
Ұраны «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» болған тылдың батырлығы болмаса Ұлы Жеңіске қол жеткізу мүмкін болмас еді.
Сонымен бірге, әкелер мен бауырлар майданға кеткен кезде, тылдың негізгі жұмыс күшін әйелдер мен жасөспірімдер құрады. Бүгін сол кездегі жасөспірімдер 90 жасқа келіп отыр.

Соғыс көрген балалардың да тағдыры оңай болған жоқ, соғыс әкелерін майданға, ал аналарын әйелдер тәулік бойы жұмыс істейтін зауыттар мен колхоздарға алып кетті.
Бұл балалар балалық шақтан айырылып, мұқтаждықта, аштық пен суықта өсті. Бірақ содан кейін олар елді өркендетіп, экономика мен әлеуметтік дамудың негізін қалады. Бұл ұрпақ КСРО ыдыраған кезде өз елдерінің мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы шешім қабылдады.
Бүгінде соғыс балаларының мәртебесі мен жағдайын қолдау үшін заңнамалық актілер қабылдануы кездейсоқ емес. Мысалы, Украинада «соғыс баласы» мәртебесі заңмен бекітілген, оларға зейнетақыға жеңілдіктер мен үстемеақылар беріледі. Осыған ұқсас шаралар Ресейдің бірқатар субъектілерінде қабылданды немесе қарастырылуда. Бұлардан басқа да мысалдар көп.

Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы зейнетақыларға үстемеақы енгізе отырып, 1945 жылғы 9 мамырға дейін Қазақстан аумағында туылған және тұратын азаматтар үшін «Соғыс балалары» мәртебесін бекітуді ұсынады.
Бұл жерде үстемақы көлемі басты мәселе емес, біздің ұсынысымыздың негізгі мақсаты – мемлекет тарапынан құрмет пен мойындауды көрсету, бұл балалық шағынан, ата-анасының махаббатынан және жылуынан айырылған, майданға кеткен немесе зауыттар мен ұжымшар егістіктерінде тәулік бойы жұмыс істеген адамдар бастан кешкен қиыншылықтарды көрсету.

Өкінішке орай, соғыс ардагерлері жыл сайын азайып жатыр. Егер осыдан он жыл бұрын он мыңнан астам ардагер арамызда болса, бүгінде 665-і қана қалды.
Тиісінше, мемлекеттің осындай ардагерлерді қолдауға жұмсаған шығыстары да едәуір қысқарды.

Біз азайып жатқан батырлардың есебінен үнемдеуді дұрыс емес деп санаймыз және босаған қаражатты оларды майданнан күткен, тылда еңбек еткен соғыс балаларына қайта бөлуді ұсынамыз.

Осы мәселені іс жүзінде пысықтау мақсатында, келесі ақпаратты ұсынуды сұраймыз:

  1. Тәуелсіздік алған сәттен бастап жыл сайынғы бөліністе Қазақстандағы ҰОС саны туралы.
  2. Тәуелсіздік алған сәттен бастап жыл бойынша бөліністе тыл еңбеккерлері деп танылған адамдардың саны туралы.
  3. 1945 жылғы 9 мамырға дейін (1935-1945 ж.ж.) Ұлы Отан соғысы кезеңінде Қазақстанда туған және тұрған адамдардың саны, оның ішінде ата-аналары соғыс ардагерлері және/немесе тыл еңбеккерлері болып табылатын балалардың саны туралы.
    Сондай-ақ, жыл сайын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне үстемеақылар, жәрдемақылар түрінде бөлінген қаражат туралы ақпарат берулеріңізді сұраймыз.

Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары