27
Қантар

"Ақ жол" Үкіметке сайлауалды бағдарламаның кешенді ұсыныстарын, соның ішінде бизнесті қолдау, тәуелсіздікті нығайту, демократияны дамыту, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұсыныстарын жолдады

27 қаңтар 2021 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметі

"Ақ жол" Үкіметке сайлауалды бағдарламаның кешенді ұсыныстарын, соның ішінде бизнесті қолдау, тәуелсіздікті нығайту, демократияны дамыту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұсыныстарын жолдады. Бүгін пленарлық отырыста Азат Перуашев осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдады.

"Кеше Үкімет отырысында Президент Қ.Тоқаев бірқатар маңызды тапсырмалар бергені белгілі.

Біздің ойымызша, Президенттің шағын және орта бизнес бойынша тапсырмалары өте маңызды болып табылады", - деп атап өтті Азат Перуашев.

Ол "Ақ жол" фракциясы Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап өткен жылдың 11 наурызында карантин жағдайында шағы және орта бизнесті қолдау бойынша бірнеше ондаған нақты ұсыныстар жібергенін еске салды.

"Өкінішке орай, біздің көптеген талаптарымыз ескерілмейді. Сонымен бірге, мыңдаған кәсіпкерлер іс жүзінде жұмыстарын тоқтатып, олардың бұрынғы жұмысшылары табыссыз қалды.

Сауда және қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлермен кездесулерде егер санитарлық дәрігер жұмыс істеуге тыйым салса, оларға қалай өмір сүру керектігін айтуларын талап етуде. Жалдау ақысын, коммуналдық төлемдерді, банктерге несие, ал адамдарға жалақыны қайдан төлеуге болады екен", - деп атап өтті Перуашев.

"Ақ жол" Сovid-19 пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарысқа қарсы шаралары аясында зардап шеккендерді, бірақ жұмысын қайта бастаған шағын және орта бизнес субъектілерін тікелей қаржылық қолдау шараларын енгізуді қарастыру қажет деп санайды, яғни банктер, кредиттерді субсидиялау және салықтарды кейінге қалдыру арқылы ғана емес, сондай-ақ қызметкерлерге жалақы қорының жартысын, жалдау және коммуналдық төлемдердің 50%-ын өтеу жолымен және т.б. шешу.

"Бұл шараларды біз "Ақ жол" партиясының бағдарламасына енгіздік.

Өткен сайлаудың қорытындысы бойынша біздің бағдарламамыз сайлаушылардың кең қолдауына ие болды, сондай-ақ кешегі Президенттің тапсырмаларына байланысты "Ақ жол" фракциясы Үкіметке біздің сайлауалды бағдарламамыздың барлық ұсыныстарын жібереді. Оның құрамына бизнесті қолдау шаралары, тәуелсіздікті нығайту, демократияны дамыту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және т.б. бойынша ұсыныстар енгізілген 18 беттік құжат", - деп толықтырды фракция жетекшісі.