17
Желтоқсан

«Ақ жолдың» үгіт-насихат тобы Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданының сайлаушыларымен кездесті

17 желтоқсан 2020 жыл,  «Ақ жол» демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабы Казталовка ауданының сайлаушыларымен кездесті.

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі бағыттарын түсіндірілді.

Сайлаушылармен болған кездесуде партияның түбегейлі өзгерістерге бағытталған айқын мақсаттары назарға алынды.

Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Алмаз Бадашевтің сенімді өкілдері мен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кандидаттары, түрлі әлеуметтік топтар мен әр саланың мамандары, аға буын өкілдері және жастар қатысты.

Үгіт-насихат тобының мүшелері елдегі медицина мен білім саласының сапасын, тұрғын үй мәселесін шешу, жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау және қариялар үшін лайықты өмірді қамтамасыз етудің негізгі міндеттерін атап өтті. Ашық диалогта сайлаушылар өз сұрақтарын қойып, жауап алды.

«Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы жан-жақты және ел дамуы мен өмірдің барлық маңызды аспектілерін қамтыған екен. «Ақ жолдың» бағдарлама  міндеттерінің ерекшелігі біздің назарымызды аударды, - деді сайлаушылар.