“Ақжолдық” депутат Андрей Линник Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

» Аймақ - жаңалықтары » Жамбыл облысы » "Ақжолдық" депутат Андрей Линник Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

09.07.2021, 19:27

9 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Андрей Линник Әулие ата өңіріне іссапармен барды. Сапар барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті.
Кездесуде өңірде атқарылған жұмыстар, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған шаралар, пандемиялық ахуалға байланысты Жамбыл облысында қалыптасқан жағдай мен денсаулық сақтау саласында ілкімді істер туралы айтылды.

  • Медициналық қызметтің сапасын назардан тыс қалдырған емеспіз. Тараз қаласының іргесінен көпбейінді аурухана тұрғызылуда. Індетке қарсы вакцина өндіретін зауыттың да құрылысы аяқталуға жақын. Өңірде дәрігерлердің науқастарға қызмет етуіне барлық жағдай жасалуда», – деді өңір басшысы.

Мұнан соң халық қалаулысы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевпен жүздесіп, денсаулық саласында тер төгіп жүрген бірқатар дәрігерлерді «Жанқиярлық күресі үшін» медалімен марапаттады.

Сондай-ақ, депутат облыстағы партия мүшелерімен, мәслихат депутаттарымен, кәсіпкерлермен онлайн режімде жиын өткізді. Жиында кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері мен мәселелерін тыңдап, ауыл әкімдеріне кандидаттарды ұсыну бойынша партия ұстанымдарына тоқталды.

Мәжіліс депутаты филиал кеңсесіндегі Алаш қайраткерлеріне арналған бұрышпен танысып, оған жоғары баға берді.

  • Біз Алаш иедясын қолдайтын, халықтың игілігін көздейтін, кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын партиямыз. Осы жолда отқа да, суға да түсуге әзірміз. Бұл орайда, сайлауалды бағдарламамыздың негізінен ауытқымауымыз керек. Онда барлығы көрсетілген, – деп атап өтті А.Линник.

Халық қалаулысы сапары аясында Жамбыл өңіріндегі бірнеше кәсіпкерлік нысандарды аралауды жоспарлап отыр.