24
Сәуір

"Ақжолдықтар" "Алашордашылар" құрылтай өткізген топыраққа тал екті

24 сәуір 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалытөрағасының орынбасары, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты  Бағдат Ізмағанбет,  Қаратөбе аудандық мәслихатының депутаттары Нұрлыбек Айтқалиев және Тоқтар Омаровпен бірге ұлтжанды ақын, ғалым, академик Қажым Жұмалиев атындағы саябаққа ағаш отырғызды.

         Ол Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы хақында қалам тербеген осы ауданның тумасы ұлтжандылығы үшін кезінде сталиндік режимнің зардабын көп көрген азамат болатын.

         «Ақ жол» депутаттары Президент Қ.Тоқаевтың еліміздің әр өңірін жасыл желекке бөлеп, көшет отырғызу бастамасын қолдап, аталмыш саябаққа 70-ке жуық тал екті.

         Бұдан кейін депутаттар мен Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин ауданның бір топ жасымен «Алаш және Қайыржан Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде» кездесу өткізді. Шараға 20-ға жуық жас қатысты. Тарихта аты қалған "Қаратөбе сиезі" тура осы музей орналасқан жерде өткен.

         «Күнбатыс Алашорда» үкіметінің лидері Ж. Досмұхамедұлы бастаған Алашордашылар жиыны 1918 жылдың ақпанында тура осы жерде ұйымдастырылған. Тап осы құрылтайдан  соң батыс өңірінің зиялылары мен оқығандары тұңғыш рет  ресми «Ақ жол» деген тағы бір партия ашу жөнінде шешімге келеді.

         Тарихи оқиға өткен орында «Ақжолдықтар» жастардың сауалдарына жауап беріп, партия бағдарламасының басты бағыттарына тоқталды. Шара соңында Бағдат Мәдиұлы келушілерге «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» кітабын сыйға тартты.