Азат Перуашев пандемия кезінде уақытша орталық ретінде жұмыс істеген Жетісай облыстық клиникасында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті

» Аймақ - жаңалықтары » Түркістан облысы » Азат Перуашев пандемия кезінде уақытша орталық ретінде жұмыс істеген Жетісай облыстық клиникасында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті

25.09.2020, 17:04

https://t.me/peruash/356

Жетісай ауданында “Ақ жолдың” белсенділерімен кездесіп, пандемия кезінде провизорлық орталық ретінде жұмыс істеген аудандық клиникада болдық. Мұнда 700-ден астам вирус жұқтырғандар емделген.
Медиктерге коронавируспен күресте көрсеткен жанқиярлық ерліктері үшін алғыс айттым.

Мақтаарал ауданында өзбек дамбасының жарылуы салдарынан мамыр айында су басып қалған ауылдарды араладық. Сол бір қиын кезде осындағы филиалымыз зардап шеккендерге бірнеше жүк машинасы және темір жол вагонына тиелген гуманитарлық көмек жіберді. Тұрғындармен әңгімелесіп, қираған үйлердің орнына тұрғызылған жаңа қоныстарды көрдік. Әсіресе, бөлінген ақшаға үйді өздері тұрғызып жатқандар қуантты. 15-18 млн көлеміндегі ақша әкімшіліктен бөліп, бөліп төленеді. Соны жылдамдату жөнінде өтініштер айтылған. Оған бізбен бірге жүрген аудан әкімі жауап берді.
Жалпы алғанда салынып жатқан үйлерге көңіл толды, иелері де риза. Айтуларынша, тұрғын үй жағдайлары жақсарған. Әкімшілік үйлерге құбыр тартып, су енгізген. Үйді әркім өзінің жобасы бойынша салып, бұрынғы ыңғайсыз саман үйлердің орнына кірпіштен салынған, заманауи жобадағы үйлер бой түзеп келеді.
Барлығында санторап, ванна бөлмелері, кейбіреулерінде тіпті жылы еден де бар. Бір сөзбен айтқанда, қаладан кем емес. “Қаладан да күшті” деп түзетті менің сөзімді жаңа үйіне жылы еден салып жатқан математика мен информатика пәнінің мұғалімі Қанат есімді жігіт.
Ал, тұрғындардың өздері емес, мердігерлер салып жатқан аудан орталығындағы жаңа шағынаудандағы үйлерде жағдай басқаша. Үйлер типтік жобамен мұқият, 100м/кв ыңғайлы жобамен салынуда. Мұнда да барлығына су тартылып, құбыр жүргізілген. Әр үйге табиғи газ тартылып, ас үйлік газплита және жылудың автономдық жүйесі орнатылған.
Меніңше ауылдық жер болған соң жер телімі тым аз бөлінген. Ауылда табыс табудың жалғыз көзі- осы жер телімі. Оған бау-бақша егіп, мал ұстауға болады. Ал, 8 сотық жерге қанша мал ұстап, бау-бақша егуге болады?
Әкім жер телімдерінің бұлай бөлінуін басқа құрылыс алаңдарының жоқтығымен, уақыттың тым тығыз болғандығымен түсіндірді. Ал, үйлердің айналасында толған егіндік.
Құрылысшылармен әңгімелескенде бірқатар “қызық” жайттар белгілі болды: олардың айтуынша, мердігерлер тек Шымкенттегі нақты өндірушінің құйған газоблоктарынан үйлерді тұрғызуға міндеттеген. Шығын көбейіп, 250 шақырымға барып,келуге тура келген. Сонымен қатар, газоблок қымбаттау болған және сұранысты дайындап үлгере алмаған, бұл аздаған кешігуге алып келген. Осы бір анти-бәсекелестік талаптың өзі ұйымдастыру жұмыстарының деңгейін көрсетіп тұр.
Үйлердің іргетасын қалау кезінде де мердігерлерге темір жол блоктарын нақты жеткізушіден алу тапсырылған. Аталған компания жеткізу кестесін үнемі бұза бергендіктен құрылысшыларға іргетасты өз бетінше құя беруге рұқсат берілген.
Осындай “ерікті-мәжбүрлеу” шараларының нәтижесінде мердігерлер тұрғызған үйлер қанша әдемі болып көрінсе де тұрғындар өз бетімен сол ақшаға салған үйлерден кішірек және жұпыны болып тұр.
Мердігерлердің бұл жерде тапқан пайдалары да шамалы. Қаржы жекелеген жеткізушілердің және құрылыс материалдарының Шымкенттен тасылған жол шығынына кеткен. Ешкім ресми кінә таққысы келген жоқ.
“Бұл жерде басқаша болуы мүмкін емес, ал, бізге жұмыс істеу керек”

Мырзакенттегі аудандық аурухананың дәрігерлері мен медбикелерімен болған кездесуде олар 40 жастағы еден жуушының коронавирустан қайтыс болғанын баяндады. Қайтыс болған әйелдің артында студент қызы мен оқушы ұлы қалған. Өгей әке “қолайсыз”.Ұлы кеше анасының әріптестеріне телефон шалып, оқулықтар жағынан көмектесуді сұраған. Басқа облысқа кеткісі кететінін айтқан. Біздің облыстық филиалдың төрағасы Абзал Салықбаев баланың байланыс нөмірін алып, өзімен хабарласуын сұрады. Ұлды Шымкент колледжіне орналастырып, барлық жағынан жәрдем беруді мойнына алмақшы.

Азат Перуашев