25
Қыркүйек

Азат Перуашев «Талғат» жеке меншік клиникасының дәрігерлерімен кездесті

https://t.me/peruash/336

Түркістандағы жекеменшік "Талғат" клиникасының ұжымымен кездесіп, дәрігерлерге індетпен күрес кезінде көрсеткен қажырлы еңбектері мен ерліктері үшін алғыс айттым.

Пандемия кезінде клиника провизорлық орталық және жансақтау бөлімі ретінде жұмыс істеген. 300-ден астам адам келіп түскен; өкінішке орай 6-ауы қайтыс болған. Дәрігерлер мен медбикелер екі ай үй көрмей, осында тұрып жұмыс істеген. Дәрігерлер жағдай шиеленіскен кезде меморгандардың жекелік клиникаларға қажетті дәрі-дәрмек пен құралдармен қамтамасыз етуде қауқар көрсете алмағанына қынжылды. Бұл мәселемен олар бізге де шыққан. Біз жеке медмекемелерді COVID-19-бен күреске тартуға және олармен өзара іс-қимылды қайта қарау жөнінде Үкіметке, денсауминистрлігіне де бірнеше сауал жолдадық. Дәрігерлер қазірдің өзінде Еуропа мен Ресейде басталған індеттің екінші толқынына дайындық пен оған нақты жоспардың болмауына алаңдайды.
Бұл мәселені мемлекеттік органдардың алдына қоятын боламыз.