11
Желтоқсан

Азат Перуашев Алматыда Libella Botlers компаниясының ұжымымен кездесті

https://t.me/peruash/674

Алматыда Libella Botlers компаниясының ұжымымен кездестім. Алкаголсіз сусындардың түр-түрін шығаратын орта кәсіпорын. Оның басшылығы және акционерлерімен бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелерін талқыладық. Жұмысшылармен әлеуметтік мәселелер төңірегінде пікір алмастық. Төтенше жағдай кезінде кәсіпорын жұмысшыларының біразы Алматының төңірегінде тұрып, блок-бекеттің ар жағында қалғандықтан бірнеше ай қиындық көрген. Ерлан Барлыбаев, Қуандық Бисқұлтанов және Дмитрий Васильев әріптестерімізбен бірге "Ақ жол" Демпартиясының сайлауалды Бағдарламасын әңгімелеп, олардың сұрақтарына жауап бердік.