Азат Перуашев Өскемендегі Ж.Жабай атындағы қазақ мектеп-интернатының ұстаздарымен кездесті

» Сөйлеген сөздер » Азат Перуашев Өскемендегі Ж.Жабай атындағы қазақ мектеп-интернатының ұстаздарымен кездесті

06.01.2021, 17:45

https://t.me/peruash/1118

Өскемендегі Ж.Жабай атындағы қазақ мектеп-интернатының ұстаздарымен кездестім. Жүз жылдық тарихы бар бұл интернатта бүкіл Шығыс Қазақстанның барлық түкпірінің қазақ балалары оқыған. Сонымен қатар бұл мектеп кеңес уақытында Өскемендегі жалғыз қазақ мектебі, қазақ балаларының қара шаңырағы. Солардың арасында- “Ақ жол” демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, Парламент депутаты Берік Дүйсембинов те бар.
Мектеп өзінің шәкірттерін ғана емес, Қанипа Бітібаева секілді ұстаздарын да мақтан тұтады.


Ол- мыңдаған балалар мен қыздардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген махаббатын оятып, Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов және басқа да классиктердің шығармаларымен сусындатқан еңбек сіңірген ұстаз.