18
Желтоқсан

Азат Перуашев партияластарымен бірге Таразда үгіт-насихат кездесулерін өткізді

18 желтоқсан 2020 жыл, Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы

Азат Перуашев партияластарымен бірге Таразда бірқатар үгіт-насихат кездесулерін өткізді. Бүгін, 18 желтоқсанда партия төрағасы Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Жамбыл облысына келді. «Ақжолдықтардың» бұл жолғы үгіт-насихат сапары өте мазмұнды болды.

Алдымен Азат Перуашев әріптестерімен бірге жергілікті мәслихатқа депутаттыққа үміткерлермен, Тараз қаласы мен Жамбыл облысының кәсіпкерлерімен кездесті. Шарада ағымдағы жағдай талқыланып, «сұрақ-жауап» сессиясы өтті. Ең қызу талқыланған тақырып - аймақтағы табиғи газдың құны. Кәсіпкерлер басқа облыстардағы бағалармен салыстырғанда газ екі есе қымбат тұратынын атап өтті. Тараз тұрғындары сондай-ақ алынатын жалақының мөлшері төмен екенін де айтты.

Жамбылдық кәсіпкерлердің бірі санэпидемиологтардың тыйымына қарамастан дәмханалар мен мейрамханалар жұмысын жалғастырып, банкеттер өткізетінін айтты және мониторингтік топтардың әрекетіне тоқталды. Тараз қаласының тұрғыны өзіне тиесілі залды салтанатты іс-шаралар үшін кафе етіп қайта жабдықтағанын, бірақ кейін оған бес рет айыппұл салынғанын да атап өтті.

Ауылдық жерлердің тұрғындарын елді мекендердегі интернет жылдамдығының төмен екені алаңдатады, бұл оқушылардың онлайн білім алуларына теріс әсер етуде.

Одан кейін «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев кездесуге келген қатысушыларға парламенттік фракцияның қызметі туралы айтып берді. 

«Біздің депутаттар мәжілісте болған сәттен бастап фракция мүшелері 9 заң жобасын әзірледі. Оның ішінде 2 заң жобасын Қазақстан Үкіметі қолдады, 2021 жылдан бастап заңдар күшіне енеді. Сонымен қатар, біз азаматтар мен кәсіпкерлердің көптеген өтініштерін қарадық, олардың негізінде Премьер-Министрге, Бас Прокурорға, басқа да мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар депутаттық сауалдар жолданды. Өкінішке орай, «Ақ жолдың» екі баласы бар отбасылардың ипотекалық несиесінің 25%-н мемлекеттің өтеуі бойынша  ұсынысы жауапсыз қалды. Біз сондай-ақ көпбалалы отбасыларды тегін баспанамен қамтамасыз етуді және үш баласы бар отбасылардың ипотекалық кредиттерінің 50%-ын мемлекетке өтеуді сұрадық», - деп атап өтті партия төрағасы.

Азат Перуашев тараздықтарды «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты тармақтарымен таныстырды. «Қазақстанда бизнесті, әлеуметтік саланы, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарламалар әзірленді. Біз оларды нашар жүзеге асырылып жатыр деп айта алмаймыз. Алайда, қомақты қаражат бөлінетін бағдарламалар өңірлерде төмен деңгейде іске асырылуда, кейбіреулерінің жұмысы тоқтап та қалған. Сондықтан біз бірінші кезекте осындай жоспарлы бағдарламаларды жүзеге асыруға күш салуымыз керек», - деп атап өтті Азат Перуашев.

«Ақ жол» көшбасшысы қазақстандықтардың басым бөлігінің екінші деңгейдегі банктер алдындағы қарыздары бар екенін атап өтті. Осыған байланысты партия қаржы ұйымдарына пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуді ұсынады. «Ақ жолда» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті барынша белсенді жүргізу қажет деп санайды.

«Мандат алған халық қалаулылары бүгінгі күнге дейін ұлт мүддесін қозғайтын көптеген депутаттық сауалдар мен ұсыныстар жолдады. Олардың басым бөлігі халық арасында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары да назардан тыс қалған жоқ. Халықтың лайықты өмір сүруі үшін қазақстандықтардың өз ісін ашып, бизнес жасауы үшін жағдай  болу қажет. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу өте маңызды», - деді Азат Перуашев.

Кездесу барысында партия төрағасы Қазақстан Президентінің Жарлығымен бекітілген «Ерен еңбегі үшін» медалін Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсеғұл Дүйсебайқызына табыстады.

Одан кейін партияның Жамбыл облыстық филиалының басшысы Асан Қошмамбетов бастаған «Ақ жол» өкілдері «Тараз КожОбувь», «ПОШ-Тараз», «Тараз Былғары зауыты» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

«Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ұлттық идеясын қағидатқа айналдырған 20 жылдық тарихы бар «Ақ жол» партиясы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына кезекті сайлауға қатысады. Сондықтан біздің кандидаттар ел бойынша сапарларын бастап кетті. Олар қазақстандықтармен кездесіп, атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісіп, халықты толғандыратын мәселелерді зерттеуде», - деп атап өтті Асан Әнуарұлы.

Өз кезегінде, жұмысшылар жұмыссыздыққа, атаулы әлеуметтік жәрдемақыларға, кәсіпкерлікті дамыту ережелеріне байланысты мәселелерді көтерді.

Сапардың аяғында, кеше ғана өткен Тәуелсіздік күніне орай, Желтоқсан көтерілісінің батыры Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл қойып, оның өлендерін оқып, еске алды:

Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең - атыңдар!

Одан кейін «Ақ жол» делегациясының мүшелері Қайрат Рысқұлбековтың «Жастар» саябағындағы Желтоқсан оқиғасының құрбандары ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Құран бағыштады.