Азат Перуашев ҚР Парламенті Мәжілісіне “Ақ жол” демократиялық партиясының тізімі бойынша кандидаттарға алғыс айтты

» Сөйлеген сөздер » Азат Перуашев ҚР Парламенті Мәжілісіне "Ақ жол" демократиялық партиясының тізімі бойынша кандидаттарға алғыс айтты

12.01.2021, 16:42

https://t.me/peruash/1210

Құрметті әріптестер! Сіздердің барлықтарыңызға және әрқайсыңызға сайлауалды науқан кезінде атқарған зор жұмыстарыңыз үшін шын көңілден рахмет айтамын. Сіздер халыққа біздің дауысымыз жетіп, “Ақ жол” демократиялық партиясы жеңіске жетуі үшін уақыттарыңыз бен күш-жігерлеріңізді аяған жоқсыздар. Мәжіліске тізім бойынша дауыс беруде біздің партия 800 мыңға жуық дауыс алды. Бұл зор жетістік және үлкен сенім. Оны ақтау қажет.
Қазір партияның орталық кеңесі алынған мандаттарды 12 әріптесімізге бөлді. Өкінішке қарай, біздің 38 үміткерімізге бұл мандаттар жеткіліксіз болды.
Сіздердің әрқайсыңыз Парламент депутаты болуға лайық деп есептеймін және сіздермен жұмыс істейтінімді мақтан тұтамын. Біздің алар асуларымыз әлі алда деп ойлаймын. Бүгінгі таратылған мандаттар біздің жеке өзімізге емес, бүкіл партияға тиесілі. Қажет болған жағдайда партия тізімдегі депутаттардың ротациясын жасай алады. Бізде мұндай тәжірибе бар.
Сондықтан барлықтарыңызға денсаулық және жаңа жеңістер тілеймін. “Ақ жол” демократиялық партиясы бұдан әрі де сіздердің таланттарыңызға, білімдеріңізге және еңбекқорлықтарыңызға арқа сүйейді.
Жақын уақытта командамыздың барлығын жинап,әрқайсыңызбен жеке кездесіп болашақтағы жұмыстарымызды талқыласақ дейміз. Өз басым команданың әр мүшесінің қолын алып, алғыс айтсам деймін.
Тәулік бойы тікелей байланыстағы өздеріңіздің Азат Перуашев, шын көңілмен.