Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Ұлы Отан соғысы жастар көзімен» атты онлайн-кездесу өткізді

» Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Ұлы Отан соғысы жастар көзімен» атты онлайн-кездесу өткізді

26.05.2020, 02:12

Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Ұлы Отан соғысы жастар көзімен» атты онл

26 мамыр 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Ұлы Отан соғысы жастар көзімен» атты онлайн-кездесу өткізілді.

Кездесуде спикер Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, алаштанушы, «Ақ жол» партиясыныың Батыс Қазақстан облыстық Кеңесінің мүшесі Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы майдан туралы бірқатар мәліметтерді айтып берді.

1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты.

Соғыс жылдары Кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Оның 600 мыңнан астамы бұл майданнан оралған жоқ.

Ұлы Отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Ал 110 қазақстандық Даңқ орденінің иегері болды.

Кездесу барысында, студенттер өз ойларын еркін білдіріп, профессорға сұрақтарын қойды.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 3 курс студенті Сисенова Динара «Ұлы Отан соғысына қатысқан, ержүрек те батыр ардагерлерімізді тірілей көзімізбен көрген, Біз –соңғы ұрпақ шығармыз! Жылдан жылға ардагерлердің қатары қысқарып жатыр. Менің ойымша, қолымыздан келгенше, ардагерлердің айтқан әңгімелерін, естеліктерін жинақтап қалуымыз қажет. Бірде бір есім ұмытылмау керек, ол үшін біз, жастар, бірігіп репортаж, интервью, видео-ролик түсіріп, мұрағатқа тапсыруымыз орынды болады» – деді.