28
Қыркүйек

Батыс Қазақстан облыстық филиалы проориентациялық онлайн кездесу өткізді

28 қыркүйек 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау. Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. БҚО филиалы, «Ақ жол» партиясының  жанынан құрылған «Жастар қанатына» арнап проориентациялық онлайн кездесу ұйымдастырды.

Кездесу қонағы медицина саласында 30 жыл еңбек өтілі бар дәрігер –Айсауле Абдохова. Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, жазылып кетуіне бар күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Сондай-ақ, соңында Айсәуле Сигматқызы жастарға өз денсаулығын сақтауға және сақтық ережелерін сақтауға кеңес берді.

Онлайн кездесуге қатысушылар белсенді түрде өз сұрақтарын қойды және алынған жауаптарға өте риза болды, сондай-ақ кездесудің нәтижелі және танымды өткенін атап өтті.