04
Қантар

Бүгін "Ақ жол" ҚДП Қостанай филиалының өкілдері Қостанай қаласындағы "Пластокно"ЖШС ұжымымен кездесу өткізді

2021 жылғы 4 қаңтар, Қазақстан "Ақ жол" демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы

Кәсіпорын пластикалық терезелерді дайындау, орнату және қызмет көрсету бойынша өңірде көшбасшы болып табылады.

 Нарықта 15 жыл. 150 адам еңбек етеді. "Пластокно-Костанай" компаниясының негізі 2005 жылы қаланған және өзін металл пластик терезелердің сенімді өндірушісі ретінде көрсете білді. 2010 жылы ламинация профилін, терезе төсенішін және көлбеу жүйені  шығаратын цех ашылды. 2011 жылы ПВХ және алюминийден жасалған бұйымдарды жаңа жабдықта құрастыратын заманауи цех ) ашылды.

“Ақ жол” партиясынан мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлаушыларға партия бағдарламасы туралы айтып, кәсіпорын қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.