30
Наурыз

Евгений Кинцель «Ақ жол» Демпартиясы төрағасының орынбасары болып сайланды

30 наурыз 2021 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Бүгін «Ақ жол» Демократиялық партиясы Орталық кеңесі Пленумының шешімімен Евгений Кинцель партия төрағасының ұлтаралық қатынастар бойынша орынбасары болып сайланды.

Кинцель Евгений Юрьевич, «Ақ жол» партиясынан Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Солтүстік Қазақстан тәуелсіз заң консультанттар палатасының төрағасы, Петропавл қаласындағы орыс драма театры үшін «Әміре» пьесасының авторы.