Раманқұлов Мақсат Базаралыұлы

» Фракция » Депутаттар » Раманқұлов Мақсат Базаралыұлы

“Ақ жол” партиясының депутаты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Мақсат Базаралыұлы Раманқұлов 1974 жылғы 21 мамырда дүниеге келді.

Орта білімін Шымкент қаласының № 38 мектебінде алды.

1991 жылы Шымкент қаласындағы ОКТУ-19 орта кәсіптік-техникалық училищесіне түсіп, «БӨАжА слесары» (бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика) мамандығы бойынша оқыды.

1992 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институтына (ҚазХТИ), МАХӨ (машиналар, аппараттар, химия өндірісі) факультетіне түсті. Алматы қаласына көшуге байланысты оқуы тоқтатылды.

1993 жылы Алматы қаласында Д. Қонаев атындағы Университеттің заң факультетіне оқуға түсті. Екі курс оқығаннан кейін жаңадан құрылған Мемлекеттік заң университетіне (ҚазМЗУ), «Құқықтану» факультетіне ауысып, оны 1997 жылы бітірді.

1997 жылғы тамыздан 2001 жылғы сәуірге дейін – Шымкент көлік прокурорының көмекшісі, онда қылмыстық істер бойынша бастапқы есепке алу құжаттарымен, оларды тіркеумен, көліктегі есепке алудан жасырылған қылмыстарды анықтаумен, Шымкент станциясында, Түркістан станциясында көліктегі желілік ішкі істер органдарындағы алдын ала тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалаумен жұмыс істеді.

2001 жылғы сәуірден 2001 жылғы қыркүйекке дейін Оңтүстік-Шығыс көлік прокуратурасының ішкі қауіпсіздік жөніндегі Аға прокуроры болып жұмыс істеді.

2001 жылғы қыркүйектен 2003 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының бастапқы есепке алу және статистикалық есептілік құжаттарын әзірлеу бөлімінің прокуроры болып жұмыс істеді.

2003 жылы өз еркімен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан кетіп, одан әрі еңбек жолын жекеменшік құрылымдарда жалғастырды.

2003 жылғы маусымнан 2004 жылғы наурызға дейін «Альтаир СК-7» ЖШС құрылыс компаниясының топ-менеджері (коммерциялық директор) болып жұмыс істеді, онда ішкі қауіпсіздік, объектілерді күзету, жабдықтау, жылжымайтын мүлік объектілерін өткізу (сату бөлімі) мәселелеріне жетекшілік етті.

2004 жылғы наурыздан 2010 жылғы мамырға дейін – «БГМ» ЖШС директоры. Компанияның негізгі қызмет түрі – азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс саласындағы ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысы. Компанияға басшылық еткен кезеңінде Астана қаласында тұрғын үй кешендері, өнеркәсіптік объектілер, Ақмола облысының елді мекендерін сумен жабдықтау жүйелері салынды.

2010 жылғы маусымнан 2020 жылғы қыркүйекке дейін өзінің жеке құрылыс компаниясы «Mabex Trade LTD» ЖШС-ның Бас директоры, онда екі жүзге жуық жұмыс орны құрылды, елорда үшін маңызды объектілер салынды, республикалық және жергілікті бюджеттерге қомақты салықтық аударымдар жасалды.

Құрылыс саласын нығайту мен дамытудағы қажырлы еңбегі және қосқан зор үлесі үшін бірнеше рет мемлекеттік наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен аталып өтті.

Іскерлік қасиеттерге, жұмысқа қатысты адал көзқарасқа, біліктілігін арттыруға және кәсіби өсуге деген ұмтылысқа ие.

Үлкен жұмыс тәжірибесі бола отырып, жас қызметкерлерге үнемі көмек көрсетеді. Үлестік құрылыс секторын қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға, атап айтқанда, алданған үлескерлердің проблемаларын шешуге атсалысты. Ұжымда лайықты бедел мен құрметке ие.

Нұр-Сұлтан қаласының және тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының құрылыс саласын дамыту ісіне қолдан келетін үлесін қосты.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 593 шешімімен «Құрметті Құрылысшы» Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген құрылысшысы мәртебесі берілді.

Сонымен қатар, қоғамдық қызметпен белсенді айналысады, Қазақстанның ММА аралас жекпе-жек түрі федерациясы қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды (2018).

«Тоғызқұмалақ» халықаралық спорт федерациясының вице-президенті, республикалық конкурстарға қатысушы, Кемер қаласында (Түркия, 2019 ж.)

«Тоғызқұмалақтан» бесінші әлем чемпионатын ұйымдастыруға белсенді қатысты. «Тоғызқұмалақты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, сондай-ақ грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

2012 жылдан бастап Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі. Партияның қызметіне белсенді қатысты.

2016 жылы VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болды.

2020 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының кеңесшісі.

2021 жылғы 15 қаңтардан бастап «Ақ жол» ҚДП-дан VІI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі

. Мемлекеттік наградалары «Құрмет» ордені (2016 ж.) Басқа да наградалары «Құрметті құрылысшы» медалі «Еңбегі үшін» медалі «Тоғызқұмалақты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі «Экономика мен жеке кәсіпкерлікті дамытудағы ерекше еңбегі үшін» медалі