Сембинов Азат Талғатұлы

» Фракция » Депутаттар » Сембинов Азат Талғатұлы

Сембинов Азат Талғатұлы

Ақ Жол партиясының депутаты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

«Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшесі

Сембинов Азат Талғатұлы 1988 жылы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген.

Білімі: 1995-1998 жж. ҚР ШҚО Өскемен қаласының №36 орта мектебінде оқыды.

1998-2001 жж. ҚР ШҚО Риддер қаласының №3 орта мектебінде оқыды.

2001-2004 жж. ҚР ШҚО Риддер қаласының №2 орта мектебінде оқыды.

2004-2007 жж. ҚР ШҚО Өскемен қаласындағы К.Нұрғалиев атындағы колледжі, – Құқықтанушы мамандығы.

2007-2012 жж. ҚР ШҚО Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, Юриспруденция мамандығы.

2014-2018 жж. ҚР Нұр-Сұлтан қаласындағы М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университеті, Іскерлік басқару мамандығы.

2017 ж. қазаны – халықаралық тағлымдама, Швейцария Женева қ., UBIS университеті 2018 ж. тамыз-қыркүйегі халықаралық тағлымдама, «Maliktrip-Силикон алқабы», АҚШ, Сан-Франциско.

2019-бүгінге дейін, ҚР Алматы қ., ALMAU Университеті, Іскерлік басқару мамандығы, деңгейі – Іскерлік басқару докторы.

ҚР Қарулы күштерінің қатарындағы қызметі: 2008-2009 – ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясы, әскери қызметші.

Еңбек өтілі: 03.2010-09.2010 жж. – «KazBusinessДемеу» МКО ЖШС, лауазымы-Юрисконсульт.

09.2010-04.2011жж. – «Триумф» адвокаттық кеңсесі, лауазымы-заңгер.

04.2011-12.2012жж. – «Казкоммерцбанк» АҚ Өскемен филиалы, лауазымы-1 категориялы Юрисконсульт.

04.2013-07.2013жж. – «ДАМУ Консалтингтік фирмасы» ЖШС, лауазымы-Юрисконсульт.

07-2013-06.2016гг. – «Қазпостсервис» ЖШС, лауазымы-Қаржы директоры.

03-2013-01.2021 – «Алтын Шатыр»ЖК , лауазымы-Басқарушы.

03.2018-01.2021 – «KBT group» ЖШС, лауазымы-Бас директор.

2021 жылдың 15 қаңтарынан Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2019 жылдың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» конкурсының жеңімпазы, «Бизнес» категориясы бойынша.

Отбасылық жағдайы – үйленген, бес баласы бар.