30
Қантар

"ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы" жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі өтуде

https://t.me/peruash/1249

Дәл қазір "ХХІ ғасырдағы АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ" жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі өтіп жатыр. Шараға алаштанушы ғалымдар, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысуда.

Байқау жарияланған уақытта жүзден аса зерттеу жұмысы келіп түсті. Оның ішінде іріктеу арқылы екінші кезеңге 29 жұмыс өткен болатын.
Конкурс барысында әр номинациядан 3 үздік жұмыс (барлығы – 9) финалдық кезеңге өтеді.

Айта кетерлігі, "ХХІ ғасырдағы АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ" жалпыұлттық байқауы үш номинация бойынша өтеді.

Олар:

Қазақ республикасының 100 жылдығына: Алаш автономиясының Қазақ (Қырғыз) АССР-не дейінгі эволюциясы
2. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы: Ұлы ақын шығармашылығын насихаттаудағы Алаш қайраткерлерінің рөлі
3. Алаш қозғалысы тарихындағы "ақтаңдақтар".