ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы

Ақ Жол партиясының депутаты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

1971 жылы 19 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Үйленген, 3-баланың әкесі.

Білімі: 1995 ж. – Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті, тарихшы

2001 ж. – Л. Гумилев атындағы Еуразиялық университет, заңгер

Жұмыс тәжірибесі: 1995-1998 жж. – Өскемен қаласының Ішкі істер департаментінің тергеушісі;

1998-2003 жж. – Қазақстанның Азаматтық партиясы Орталық комитетінің кеңесшісі;

2003-2006 жж. – Қазақстанның Азаматтық партиясы Орталық Комитетінің іс басқарушысы;

2006-2011 жж. – «Атамекен» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасының атқарушы директоры;

2008-2016 жж. – «КазТуф» ЖШС директоры;

2009-2016 жж. – Астана қаласының «Атамекен Одағы» Экономикалық палатасының атқарушы директоры;

2011-2016 жж. – «Ақ жол» ҚДП-ның Өңірлік жұмыс жөніндегі орталық кеңесінің хатшысы;

2011-2016 жж. – «Қазақстанның ұлттық өндірістік палатасы» «Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» ЗТБ атқарушы директоры;

2014-2016 жж. – «Төкен» ЖШС директоры. 2016 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы сайланымының депутаты, «Ақ жол» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2021 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жетінші сайланымының депутаты, «Ақ жол» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«10 жыл Астана» (2007 ж.), «Ерең Еңбегі үшін» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.) медальдарымен, «Құрмет» орденімен (2018 ж.) және «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталған.