«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Еспаева Дания Мәдиқызы

Ақ Жол партиясының депутаты

1961 жылдың 5 наурызында Ақтөбе облысының Мартөк ауданындағы Жайсаң ауылында дүниеге келген.

Білімі:
1982 ж. –  Алматы есеп-несие техникумы
1993 г. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, экономист

Еңбек жолын КСРО мемлекеттік банкінің Ақтөбе облыстық басқармасындағы несиелеу бөлімінде экономист болып бастады.

Өнеркәсіп-құрылыс банкінде, «Тұран» жинақтау бөлімі филиалында, «Әлем Банк Қазақстан» Ақтөбе басқармасында қызмет етті.

2006-2014 ж.ж. – «БТА Банк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры, 2014 ж. қарашасынан – «Қазкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры.

2016 жылдың наурызынан – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Банк саласындағы жалпы еңбек өтілімі – 34 жыл, оның 17 жылы басшылық лауазымда.

«Кұрмет» орденімен марапатталған.

Екі мәрте Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған.  «Атамекен» одағы филиалының басқарма мүшесі, Ақтөбе облысының аймақтық үйлестіру кеңесінің мүшесі болған. 14 жылдан астам уақыт облыстық әкімдік жанындағы отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болып келді.

Ажырасқан, 2 ұлы бар.