«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Өмірғали Ерлік Қайдарұлы

Ақ Жол партиясының депутаты

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

25.05.1979 жылы Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданы Краснофлотский кентінде туған.

Білімі – жоғары:
1989 ж. – Гурьев ауыл шаруашылық техникумы, техник-механик
2000 ж. – Алматы мемлекеттік университеті, экономист

2010 ж. – Атырау мемлекеттік университеті, МЖБ

Жұмыс тәжірибесі:

2001-2002 жж – ҚР ҚК қатарындағы қызмет;

2002-2003 жж – Ақмола облысы Соттар әкімшісінің Көкшетау аумақтық учаскесінің сот орындаушысы;

2003-2004 жж – Ақмола облысы Астрахан ауданының сот шешімдерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы;

2004-2007 жж – Ақмола облысы Бұланды ауданының сот шешімдерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы;

2005 ж. – судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырды, кадр резервіне алынды;

2007-2008 жж. – «Би-Логистикс» АҚ директорының Ақмола облысы бойынша орынбасары;   

2008-2010 жж. – «Астана Недвижимость» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры;

2010 жылдан бастап «Алуа-Строй» ЖШС құрылтайшысы.

2019ж – Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі.

2021 жылдың қаңтарынан бастап – VII шақырылымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі.

2014 ж. – «Шапағат» медалі, 2016 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Отбасы жағдайы: үйленген, бес баласы бар