«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Садықов Асқар Аманбайұлы

«Ақ жол» демпартиясының депутаты

1969 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы.

Білім:

1990 ж. - 1995 ж. – Орынбор мемлекеттік техникалық университеті (Ресей, Орынбор қ.), инженер-механик;

1997 ж. - 2000 ж. - Қазақстан мемлекеттік заң университеті (Алматы қ.), заңгер;

2010 ж. - 2014 ж. – Халықаралық бизнес академиясы (Алматы қ.), іскерлік әкімшілендіру магистрі.                      

Жұмыс тәжірибесі:

1994 - 1995 ж.ж. – монтажшы. "Орынбор монтаж зауытының" СМУ-1 тресі

(Орынбор қ.);

1989 ж. - "Уралтрансгаз" Арал ЕПМ, ІІ разрядты технологиялық компрессорлардың машинисі (Бозой ауылы);

1987 - 1989 ж. ж. – Кеңес Армиясы қатарында қызмет ету (Армения);

1986 ж. – "Гүлсезім" комсомол жастар қой бригадасының мүшесі болып қабылданды (Айшуақ ауылы) ;      

2003 - 2005 ж.ж. – "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС (Ақтөбе қ.) мұнай-газ кен орындарын игеру, өндіру өңдеу, тасымалдау, мұнай сату. Құқықтық қамтамасыз ету және корпоративтік басқару бөлімінің бастығы.  Корпоративтік басқару жөніндегі бас маман;

2005 - 2008 ж. ж. – "Әсел - Қазақстан" ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы (Ақтөбе қ.);

2008 – 2012 ж. ж. – "Атамекен "одағы "Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы" АФ директоры (Ақтөбе қ.);

2013 ж. - "Ақ жол"ҚДП ҚБ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы;

2014 ж. - Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты;

2023 ж. – Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаты.

Марапаттар:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталған (2009 ж.),

Кәсіпкерлікті дамытуға белсенді қатысқаны үшін III дәрежелі "Атамекен" медалімен марапатталған (Астана 2010 ж.),

"Қазақстан Республикасы Президентінің "АЛТЫН САПА" сертификатымен марапатталған (Астана 2011 ж.),

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен кәсіпкерлікті дамытуға белсенді қатысқаны үшін "Құрмет" орденімен марапатталған (Астана 2011ж.),

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталған (Астана 2011ж.),

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталған (Ақтөбе, 2014 ж.)