30
Қазан

Маңғыстаулық «Ақ жол – жастар» қанатының «Ананың ақ сүті» қойылымы көрермен көзайымына айналды

30 қазан 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы 

Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының тапсырысымен,  "Асар" ақпараттық-талдау орталығының қолдауымен, "Ақ жол" партиясының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Ақ жол-жастар" жастар қанатының әуесқой әртістері драматург, ұстаз Өтен Ахметтің "Ананың ақ сүті" атты қойылымымен Ақтау қаласындағы білім ордаларына жоспарлы гастролдік сапарын өткізді.

Қойылым, 2019 жылдың 26 қыркүйек пен 29 қазан күні аралығы 15 (он бес) кәсіптік білім беру мекемелерінің (колледж) сахнасында сахналанып, 1355 (бір мың үш жүз елу бес) көрерменді қамтыды.

Қойылымда көрсетілген шешесінің есі жоқтығына көніп, төзе білген сенімді ұлдың анаға деген мейірімі, әр отбасында кездесетін шыдамсыз келіннің айқайы, діни сауатсыздықтың құрбаны болып, жат ағым жетегінде кеткен жігіттің қатыгездігі әрбір көрерменнің көзіне жас, жүрегіне жылу сыйлады деп айта аламыз.

Иа, көрермен пікірін бір жазбаға сыйғызу мүмкін емес. Десекте, сіздер үшін маңызды деген пікірлерге тоқтала кетуді жөн санадық.  

- Бүгінгі қойылым біздің қоғамдағы ең өзекті мәселені, жанды ауыртып, жүрекке жеткізді. Жасыратыны жоқ мұндай оқиға көптеген отбасында орын алып жатыр. Жалпы кәсіби актерлердың ойнауын көріп жүрміз. Ал мына қойылымды ойнаған жастар  яғни рөлдегі актерлар сол образды ашатындай таңдалған. Бүркіт, Имам бейнесінде жігіттерді тура сол әлемнен көшіріп әкелген сияқты. Ойнаған жап-жас балалар. Олар жүрекпен ойнағандықтан көрермен жүрегіне жетті. Көрермен жүрегіне жол тапқан мықты қойылым болды. Рақмет сіздерге, - деп, өз пікірін Ақтау теңіз университетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жеткізгенова Әлия Түгелбайқызы білдірді.

- Бүгін Діни басқармасы мен «Ақ жол» жастарының бірігіп өткізген спектаклі Келешек колледжі студенттеріне көрсетілді. Спектаклден мен өзім жақсы әсер алдым. Бұл жастарға да пайдалы. Өйткені діни ағымдарды адасып жүрген жастарымыз көп. Қойылым соларға байланысты мағынасы терең үлкен тәрби болды. Жаңа көрген студенттерде жүректеріне жақын қабылдап, әсер етіп, көздеріне жасып толқыды. Сіздерге үлкен рақмет. Осындай қойылымдарды жиі-жиі өткізіп, діни бағыт болсын, басқада бағыттарды жастарға тәрбиесі бар шараларды ұйымдастыра беріңіздер, - деп, өзінің жүрек жарды лебізін пікірін Маңғыстау көпсалалы «Келешек» колледжінің психологы Төлеуғалиева Бағлан Бектұрқызы білдірді.    

- Бүгінгі «Ананың ақ сүті» қойылымы өте керемет өтті. Ойнаған актер балалардың шынайылығы, айтқан сөздері адамға өте қатты әсер берді. Студенттер де, өзімізде жылаа алдық. Осы қойылым арқылы студенттер өздеріне негізгі керегін алды. Әрдайым еңбектерің бағалана берсін. Жоғарыдан көріне беріңіздер, - деп өзінің ойын Ақтау есептік-технологиялық колледжінің тарих пәні мұғалімі Перизат Башарова да берген болатын.

Қойылымдажат ағым жетегінде кетпеудің дара жолын,  адамгершілік қасиеттерден қол үзбеу керектігін, отбасы мен дәстүрлі діннен және  діни сауатсыздықтың  құрбаны болған қазақ жастарының тағдырын, бір ғана отбасындағы жағдай арқылы қоғамдағы трагедиясы көрсетілді.

Көрермен жүрегіне жол тапқан, ықыласқа бөленген «Ананың ақ сүті!», қойылым авторы атқандай «шедевр» деп айтуға болады.

Нәресте өмірінің нәрі -  Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді.

Кез-келген сахналық қойылымды "Ақ жол-жастар" жастар қанатының әуесқой әртістері өздерінің табиғи дарындылымен, қызығушылығымен сомдап жүр.  

Көрермен көзайымына айналған мұндай қойылымдар жастардың күн-түн демей атқарған еңбектерінің нәтижесі деп біліміз.

Қоғамдағы өзекті мәселелерді сахна арқылы қозғап, өздері тәрбиелене жүріп өз замандастарын жақсылыққа бағыттап, жамандықды жою жолында үлес қосып жүрген жастардың қатары көбейе берсін дегіміз келеді.