13
Шілде

"Мемлекет пен қоғамның қазіргі қиындықты еңсеру жолындағы күш-жігерін қолдау» - дәрігер, кәсіпкер Фуат Сатыбаев «Ақ жол» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

13 шілде 2020 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі 
    Дәрігер, кәсіпкер Фуат Сатыбаев  «Ақ жол» Демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалының  төрағасы болып сайланды. Өңірлік  есеп-беру сайлау конфренциясы   қашықтық форматында өтті.  Конфренция  жұмысына бейнебайланыс арқылы Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарынан 32 делегат  және партияның орталық басшылығы қатысты. Конфренция қатысушылары  филиалдың есепті кезеңдегі жұмысына   қанағаттанарлық деген баға берді.      
Партия филиалының жаңа төрағасы Фуат Сатыбаев – 55 жастағы дәрігер, көп жылдар бойы облыстық және аудандық ауруханаларда хирург болып жұмыс істеген. Соңғы жылдары ол кәсіпкерлікпен айналысып, ірі өндірістік ұжымды басқарды. Қазір Мойылды санаториясын басқарады. 
Азат Перуашев облыстық филиал төрағасы болып сайланған Фуат Сатыбаевты құттықтап және  партияның  облыстық филиалдарының   басшыларына  коронавирус жағдайына байланысты тапсырмалар  берді. 
 «Қазіргі ауыр кезеңде сіздердің  көбіңіз қол қусырып отырмай, сақтарыңыз сынбай жұмыс істеудесіздер,  қиын жағдайда қалған  азаматтарға қол ұшын созып: табыссыз қалған  көпбалалы отбасыларына  азық- түлік жеткіздіңіздер (Серік Мерғалиев -  БҚО,  Берік Дүйсембинов -  Ақмола облысы, Асқар Садықов  -Ақтөбе облысы), зардап шеккен отбасыларына барып, қажетті дәрі-дәрмектермен көмектестіңіздер (Әлімхан Әбжанов -  Шымкент қаласы, Мейраш Шынасылова  - Алматы облысы, Қуандық Бисқұлтанов - Алматы қаласы), ауруханаларды аралап, дәрігерлер мен  медқызметкерлерден проблемалық мәселелерді  анықтап, оларды өңір  басшылығы алдында көтердіңіздер   (Махаббат Жұтаев -  Қостанай облысы) және тағы басқа да игі істерді айтуға болады» - деген партия төрағасы А. Перуашев партияның облыстық  филиалдарын осы бағыттағы  жұмыстарды  күшейтуге шақырды. 
 «Өздеріңіз көріп тұрғандай,  осынау қауіпті еңсеру үшін мемлекет бар күшін  салуда. Бәріңіз де Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың кешегі үндеуін  көрдіңіздер, бүгін Тұңғыш президент Н.Назарбаев халыққа үндеу жасады. Дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтар  еселеп  әкелінуде,  емделушілерге  төсек орындар көбейтілуде, ауырып қалған жандарға көмек көрсетуге еріктілер тартылуда.  Орасан зор  қаражат бөлінді.
Партия төрағасы барлық филиалдардың басшыларын қоғам мен мемлекет күш-жігерін біріктіруге,  табыссыз қалған жандарды қолдауға,  адамдарға азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен  көмектесуге,  түсіндіру жұмыстарын жүргізуге атсалысуға  шақырды. 
Осы аптадан бастап фракция депутаттары, оның ішінде өзім;де  өңірлерге шығамыз – осы жұмысты ұйымдастыруға сіздерге көмектесетін боламыз»  -  деп тапсырды А.Перуашев.
Конференция жұмысына басқа да  облыстық филиалдардың төрағалары мен «Ақ жол» демократиялық партиясы  парламенттік фракциясының  мүшелері қатысты.