Азат Перуашев: Банкроттық жүйесiндегі реформаның мақсаты кәсiпорындарды қаржылай сауықтыру болуы тиіс, ал оларды жою және мүлiктерін бөлiсу емес

» Санат жоқ » Азат Перуашев: Банкроттық жүйесiндегі реформаның мақсаты кәсiпорындарды қаржылай сауықтыру болуы тиіс, ал оларды жою және мүлiктерін бөлiсу емес

29.04.2013, 00:00

29 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Банкроттық жүйесiндегі реформаның мақсаты кәсiпорындарды қаржылай сауықтыру болуы тиіс – бұл туралы өткен бейсенбіде Азат Перуашев  партияның парламенттік фракциясының отырысында, «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасы бойынша дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.  Талқылауға Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттiң төрағасы Нұрила Үсенова, Қаржы министрлігінің департамент директоры Бақытбек Ташенов, «Жетісу» конкурстық басқарушылар Одағының президенті Мәрияш Кәбікенова және басқалары қатысты.
ҚДП фракция жетекшісі Қаржы министрлігiнiң кәсiпорындардың қарыздары үшін кәсіпкерлердің субсидиялық жауапкершілігін енгізу туралы ұсынысын қатты сынға алды.
– Бұл нормамен коммерциялық ұйымдардың базалық форматы бұзылады,- деп атап көрсетті А.Перуашев, – себебі үлгiлік жарғылармен, мысалға ЖШС-і үшін   кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша құрылтайшылар жауап бермейтіні белгіленген. Мұндай нысандар кәсiпкерлер жарғылық қорға өз үлестерiн енгiзе отырып, қалған мүлiктерімен тәуекел етпеуі үшін енгізілген.
Осындай талаптарды қабылдау кәсiпкерлiк белсендiлiктің күрт құлдырауына әкелетiніне «Ақ жолда» сенімді.
– Бизнес онсыз да тәуекелдік қызмет болып табылады. Егер сіз жеке мүлкіне де кәсiпкерлiк тәуекелдерді қоса жүктесеңіз, онда адамдар жаңа кәсiпорындарды құруды, жұмыс орындарын ашуды, салық төлеуді және жалақысын төлеуді тоқтатады, себебі олар үшін бұл тым қымбатқа түседі. Ықтимал пайдалар үшiн отбасының барлық мүлкiмен және балаларының болашағымен тәуекелге баруды кім қалай береді – деп атап өтті депутат.
«Ақ жолдықтардың» пікірінше, тағы бір жол беруге болмайтын жәйттің бірі, оңалатын кәсіпорынның кредиторлар жиналысында «1 теңгесі – 1 дауыс» қағидатын енгізу, сондай-ақ «кепiлдiк несие берушiлердің» пайдасына  қарызды өтеудiң кезектiлiгiн өзгерту туралы ұсынысы болып табылады.
– Бұл жаңалық банктердің мүддесін қорғайды және кәсiпорындардың қызметкерлерiнің, мемлекеттің және тұтастай алғанда экономиканың құқықтарын елемейді – деді Азат Перуашев.
– Онсыз да, банктермен негізгі қарыздың сомасына пайыздарды, өсімдер мен айыппұлдарды «айналдыру» аталатын жолмен кәсіпорындар мен азаматтардың қарыздарының сомасын жасанды «өсіру» күнделікті іске айналды. Нәтижесінде, несие бiр сомаға алынады, ал өтеуге банктермен табиғатында ешқашан болмаған қарыздар көрсетіледi.
«Ақжолдықтарды» қауіптендіретін, Қаржы министрлігiнің ұсыныстары қабылданған жағдайда, кәсiпорындар іс жүзінде жалақы бойынша,  декреттік және өзге де әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарды өтеуге, мемлекетке салық берешектерiн өтеуге құқығын жоғалтатын болады – жәнемұның барлығы ЕДБ-iнiң атымен «ірі» және «кепілдік»  несие берушілердің мүдделері үшін.
– Біз, әрине алған қарызды беру керек, бірақ сен не алдың соны және қосымша әділ және орынды пайыз беруге тиіссің деген қағидатты басшылыққа аламыз – деп түсіндірді «Ақ жолдың» жетекшісі өз ұстанымын. Егер сен банктен мың доллар алсаң, ал сенен бір, не екі емес, ал 3-5 мыңды қайтаруды талап етеді – бұл қарызды қайтару емес, бұл күшпен алу. Бұл сандар ауадан алынған, мұндай қарыз шын мәнінде болмаған. «Ақ жол» партиясының Ұлттық банктен банктік заемның келiсiм шарттарына үлгiлік талаптарды қабылдауды және онымен айла-амалдарды шектеуді талап етуі кездейсоқтық емес.
Бiз, Ұлттық Банктен  отандық кәсіпорындардың барлық мүмкін болатын «айналдырусыз» және есептеулерсіз негiзгi қарыз сомасы бойынша нақты қарыздары туралы мәлiметтердi сұрағанбыз, бізге мұндай сандарды бере алмады, себебі олар жоқ. Нақты займдарға сандардың «асыра есептелгені» сонша, оларға нақты қанша қаржы берілді, және ЕДБ-дің алдында экономиканың жалпы борышын табиғатында жоқ қарыздардың қаншасына қандай сома «асыра есептелгенін» банктердің өздері де жасырады.
Алайда,  «Ақ жол» депутаттарының өткір сынына іліккен Қаржы министрлігінің  дәрменсіз кәсiпорындардың критерийлерiн анықтау бойынша ұсынысы болды.
– Заң жобасымен жалақы бойынша 150 мың теңге қарызы болса банкроттық рәсімін енгізу ұсынылады. Бұл дегеніміз 1-2 білікті қызметкердің еңбек ақысы ғой – деп қынжылды Азат Перуашев – осындай сома үшін кәсіпорынды құртып жіберуге және қалған 100-200-500, ал кейбір кезде мыңдаған жұмыскерлерді далаға лақтырып тастауға сіздер дайын болып отырсыздар?!
– Жалақы төлеу қабілеті кәсіпорынның қалауына ғана байланысты емес екенін Сіз не, білмейсіз бе? Бүкiл әлемде сұраныс құлдырап барады, бұл бiздiң экономикамызға да әсерін тигізуде, және бұл тек шикізат өндірірушілерге ғана емес, алайда тiзбек бойынша – барлығына, кім қалай болғанда да оларға қатысы бар, ал бұлар машина жасаушылар, және тігіншілер, және тамақ өндірушілер… Әрі ұжымдар, әдетте кәсіпорынды және жұмыс орнын сақтап қалу үшін бір-екі ай күте тұруға дайын. Ал, сіз осындай бизнесті бірден құртып жіберуге дайынсыз!
– Мұндай қателіктердің әлеуметтік құны зор болуы мүмкін, сондықтан бұл тәсілді «Ақ жол» фракциясы құртушылық деп есептейді.
– Оңалтудың басты мақсаты – кәсіпорынды сауықтыру, тауар өндірісін және қызмет көрсетуді, бюджетке салық төлеуді сақтау, жұмыс орындарын сақтау және кеңейту – деп атап көрсетті бұдан әрі қазақстандық демократтардың көшбасшысы.
Алдыңғы қатарлы елдердің көпшiлiгiнде – АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция және т.б – дағдарыс кезеңiнде көптеген компаниялар және банктер, оның ішінде банкроттық рәсiмдерден өткен ең iрiлері де бар. Олар өзінің қарыздарының негізгі көлемінен тазаланды және әрi қарай жұмысын жалғастыруда.
Қазақстанда банкроттық жоюмен пара-пар болды, компания қалай тоқтайды, солай бөлшектеп сатып жіберіледі, адамдар жұмысынан айырылады, шығарылған жабдықтар қоймаларда жатып тот басады,  ғимараттар қаңырап бос қалады, ал экономика тағы бір кәсiпорынды жоғалтады. «Бiздiң оңалту жүйесі Шариковтің «алу және бөлісу» қағидасы бойынша құрылуда – деп нақтылады депутаттар.
Азат Перуашев хабарлағандай, Мәжілісте заң жобасын талқылағанда ҚДП фракциясы көрсетілген бағыттардың қағидалы сәттерін қайта қарауды талап ететін болады.