«Ақ жолдың» депутаттарының зейнетақы реформасына қатысты ұстанымы егде әйелдерді әлеуметтік қолдауға және жұмыспен қамту проблемасын шешуге байланысты болады

» Санат жоқ » «Ақ жолдың» депутаттарының зейнетақы реформасына қатысты ұстанымы егде әйелдерді әлеуметтік қолдауға және жұмыспен қамту проблемасын шешуге байланысты болады

08.04.2013, 00:00

8 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
«Ақ жолдың» депутаттарының зейнетақы реформасына қатысты ұстанымы егде әйелдерді әлеуметтік қолдауға және жұмыспен қамту проблемасын шешуге байланысты болады – бұл туралы 5 сәуірде демократиялық фракцияның көшбасшысы Азат Перуашев Парламент Мәжілісінің Экономикалық  реформа жөніндегі Комитетінің отырысы барысында мәлімдеді.
Зейнетақы жөніндегі пікірталас 2 сәуірде «Ақ жол» ҚДП фракциясының отырысында еңбек министрі Серік Әбденовтің қатысуымен болғаны мәлім; бір күннен кейін «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасы Мәжіліске ұсынылды. Құжат бойынша даулар бейсенбі күнгі Экономикалық  реформа жөніндегі Комитетінің отырысына жалғасты.
Талқылаудың қорытындысы бойынша Комитет мүшелері көпшілік дауыспен заң жобасын қолдады, алайда Азат Перуашев «Ақ жол» фракциясы депутаттарының айрықша пікірлерін хаттамаға қосуды талап етті.
Біздің ұстанымымыз үкіметтің фракцияның қойған сұрақтарына қандай жауап беретініне байланысты болады – деп атап өтті демократтар көшбасшысы. Бірінші сұрақ – әйелдердің бұрынғы зейнетақы жасын сақтап қалғанда бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдері бойынша нақты қанша жетіспеушілік күтілуде. Қандай да бір есептер бар ма, әлде бізге түзетулерді көз жұмып қабылдауды ұсынып отыр ма?
Екінші: қазіргі кезде зейнеткерлікке жақын (55-58) жастағы нақты қанша әйелдің ресми жұмысы бар және зейнетақы жинақтарын төлеп отыр?
Үшінші: егер әйелдің 58 жасында жұмысы болмаса, онда оның 63 жасына дейін оны табатынына мүмкіндік қайда, әсіресе ауылдық жерде? Осы әйелдердің қаншасы зейнетақы жасын өсіргеннен кейін жеткілікті қамтамасыз етілмегендер тобына өтеді,  және осыған байланысты бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін қаншалықты көбейтуге тура келетінін Еңбек министрлігі санады ма? Осындай есептер бар ма, олар үш жылдық бюджетке салынған ба?
Одан кейін, «Ақ жол» депутаттарының пікірінше, реформаның аса принципті сәті әйелдерді жұмыспен қамту мәселесін шешу болып табылады.
Әйелдердің зейнеткерлік жасын көтеру үкіметтің жұмыспен қамту жөніндегі нақты шараларға дайын жағдайларында ғана қарастырылуы мүмкін.  Мыңдаған  жаңа жұмыс орындарын құрмай, жүздеген дәстүрлі «әйелдер»  істейтін салалық кәсіпорындарды – тоқыма, тігін, тамақ өнеркәсіптерін және ауыл шаруашылығын кеңейтпей – зейнетақы реформасы «бос сөз» болып қалады – деп есептейді Азат Перуашев.
Осыған байланысты ол әлеуметтік-сезімтал және экономиканың басым салаларына мемлекеттік қолдаудың кең топтамалы шаралары – электр энергиясынан бастап салалық ҚҚС мөлшерлемелеріне 0-5% субсидия қолданылатын Еуроодақ елдерінің тәжірибесін пайдалануды ұсынды.
Біздің сауалымызға Еуропалық елдердің елшілерінің берген жауабында, Еуропада әдетте ҚҚС-тің орташа мөлшерлемесі 21-25 % құрайды, алайда осының өзінде жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салалар үшін 5% дифференциалды мөлшерлеме қолданылады. Неге біздің елімізде де осы жолмен жүруге болмайды? – деп сұрайды ҚДП жетекшісі.
Бұл мәселенің екінші жағы  отандық жеңіл және тамақ өнеркәсіптері өнімдерінің мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі басымдылығы болып табылады.
 Неге, тіпті төсек-орын тыстары, арнайы киімдерді тігу және т.б. тендерлерді ұлттық компаниялар отандық кәсіпорындарға емес, импорт тасымалдаушыларға жиі береді? – деді депутат – бұл дегеніміз жай ғана ақша емес, бұл біздің азаматтарымыздың жұмыс орындары, бұл олардың жалақысы және зейнеткерлік аударымдары. Ал сіздер, зейнетақы жетпейді деп шағынасыздар!
Осыған байланысты, Азат Перуашев мәлімдегендей, ұсынылған реформа бойынша «Ақ жолдың» ұстанымы қойылған сұрақтардың жауабына байланысты болады. Сонымен бірге, ол жұмыстары бар және қызметін жалғастырғысы келетін әйелдер үшін зейнеткерлік жастың көтерілуі мүмкін екенін фракция депутаттарының көбі жоққа шығармайды деп атап көрсетті.
Одан басқа, бүгін өнеркәсіп саласында да, сондай-ақ қызмет көрсету саласында да көптеген кәсіпорындарда тәжірибесі мол және білікті кадрлар жетіспейтіндігі қатты сезіледі. Көптеген мысалдар келтіруге болады, кейде басшылардың өздері өз білімі мен тәжірибесін жас қызметкерлерге беруі үшін зейнеткерлерді кетпеуге көндіреді және қаржылай ынталандырады.
Мәселе мынада, біздің азаматтарымыздың барлығы зейнетақысынан жәй ғана айырылып қалмай, лайықты жұмыс алсын, не – егер денсаулығы,   табиғи мүмкіндіктері немесе жеткілікті қамтылмағандығы туралы  әңгіме болса – онда мемлекет тарапынан бара-бар әлеуметтік көмек алсын – деп түйіндеді «Ақ жолдың» жетекшісі.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қатардағы қазақстандықтарды қолдау жұмысын жалғастыра береді.