16
Сәуір

Санат жоқ 16.04.2013

«Ақ жол» фракциясы депутаттарының зейнетақы реформасы бойынша ұстанымы Үкіметтің егде әйелдерді әлеуметтік қолдау туралы «ақжолдықтармен» бұрын қойылған сұрақтарға берген жауаптарына байланысты болады

16 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
«Ақ жол» фракциясы депутаттарының зейнетақы реформасы бойынша ұстанымы Үкіметтің зейнетақы төлемдері бойынша бюджет тапшылығы және егде әйелдерді әлеуметтік қолдау туралы «ақжолдықтармен» бұрын қойылған сұрақтарына берген жауаптарына байланысты болады – ҚДП фракциясы бүгін болған отырыста осындай шешім қабылдады.
Ертең, 17 сәуірде тиісті заң жобасы Мәжілістің пленарлық отырысына бірінші оқылымда қабылдау үшін шығарылатыны белгілі. Фракция ұстанымы талқылау барысында зейнетақы қорларын біріктіру, сол сияқты әйелдердің  зейнетақы жасын көтеру төңірегінде пікірталас туындады. Мәселен, «Ақ жол» депутаттары үкіметтің келесі сұрақтарға жауап беруін талап етеді:
Әйелдердің бұрынғы зейнетақы жасын сақтап қалғанда бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдері бойынша нақты қанша жетіспеушілік күтілуде. Қандай да бір есептер бар ма, әлде бізге түзетулерді көз жұмып қабылдауды ұсынып отыр ма?
Қазіргі кезде зейнеткерлікке жақын (55-58) жастағы нақты қанша әйелдің ресми жұмысы бар және зейнетақы жинақтарын төлеп отыр?
Егер әйелдің 58 жасында жұмысы болмаса, онда оның 63 жасына дейін оны табатынына мүмкіндік қайда, әсіресе ауылдық жерде? Осы әйелдердің қаншасы зейнетақы жасын өсіргеннен кейін жеткілікті қамтамасыз етілмегендер тобына өтеді,  және осыған байланысты бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін қаншалықты көбейтуге тура келетінін үкімет санады ма? Осындай есептер бар ма, олар үш жылдық бюджетке салынған ба?
Үкімет жұмыспен қамтамасыз етуде, мыңдаған  жаңа жұмыс орындарын құруға, жүздеген дәстүрлі «әйелдер»  істейтін салалық кәсіпорындарды – тоқыма, тігін, тамақ өнеркәсіптерін және ауыл шаруашылығын іс жүзінде қолдау бойынша нақты шараларға дайын ба?
Осыған байланысты, Азат Перуашев түсіндіргендей, ол қызметін жалғастырғысы келетін әйелдер үшін зейнеткерлік жастың көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. «Бүгінгі таңда, көптеген кәсіпорындарда білікті кадрлардың жетіспейтіндігі қатты сезіледі, көптеген мысалдар келтіруге болады, кейде басшылардың өздері өз білімін жас қызметкерлерге беруі үшін зейнеткерлердің кетпеуін ынталандырады» - деп атап өтті ол.
«Экономикалық есеп жағынан қарағанда, мүмкiн, кең таралған болмаса да, бұл болмай қалмайтын қадам. Егер де мұндай тәуекелдер қалыптасса, онда Үкімет осы салада пайда болатын, бізді күтіп тұрған әлеуметтік сәтсіздіктердің қатерлерін көрсететін есептерді, нақты жағдайды ашып көрсетуге тиісті.
Ең бастысы – реформа егде әйелдерді әлеуметтік құқықтарынан айыруға апаруға тірелмеуі керек. «Ақ жол» партиясы үшін маңыздысы зейнетақы жасын көтеру біздің отандастарымызды лайықты жұмыспен қамтамасыз етумен тікелей байланысты болуы тиіс, не - егер денсаулығы   немесе жеткілікті қамтамасыз етілмегендер туралы  әңгіме болса – онда мемлекет тарапынан бара-бар әлеуметтік көмек алсын – деп атап өтті «Ақ жолдың» жетекшісі.
Фракция отырысындағы өткір пікірталастар, бірқатар депутаттардың үкіметтің ұсыныстары бойынша түбегейлі қарсылықтарының бар екенін көрсетті. Депутаттар өз қызметіне жеке сенімдерімен және жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін ескере отырып, сондай-ақ партия ішіндегі демократиялық қағидаттарға сүйеніп, «Ақ жол» ҚДП фракциясы үкiметтiң Мәжiлiстiң пленарлық отырысында фракцияның сұрақтарына беретiн жауаптарына әр депутаттың дара бағалауын негізге алып,  зейнеткерлік заң жобасы бойынша дауыс беруге шешім қабылданды.Сонымен қатар, заң жобасының нақты тармақтарымен жұмыс екінші оқылымда басталатыны назарға алынды.
Бұдан басқа, зейнетақы реформасы қабылданған жағдайда, «Ақ жол» ҚДП фракциясы әйелдерді әлеуметтік қорғау және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қосымша кешенді шараларды тез арада дайындауды талап етеді.