«Ақ жол» фракциясының депутаты Нұрлан Жазылбеков Алматы облысы бойынша сапары барысында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттiк қолдау алған кәсiпкерлермен кездестi

» Санат жоқ » «Ақ жол» фракциясының депутаты Нұрлан Жазылбеков Алматы облысы бойынша сапары барысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттiк қолдау алған кәсiпкерлермен кездестi

11.04.2013, 00:00

11 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
«Ақ жол» фракциясының депутаты Нұрлан Жазылбеков Алматы облысы бойынша сапары барысында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттiк қолдау алған кәсiпкерлермен кездестi.
Депутаттың сапарында ҚДП Алматық облыстық филиалының төрағасы Б.Суанбеков, аймақтық «Даму» қорының директоры Р.Талтүсов, қалалық маслихаттың хатшысы Н.Бопазов  бірге жүрді.
Р.Талтүсов Н.Жазылбековты шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған Қордың жұмыстарымен таныстырды. Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Талдықорғанның автобус компаниясы өзінің паркін 10 автобуспен толықтырды.
Қазіргі уақытта «Алматинские краски» ЖШС лак-бояу материалдарын (жол белгiсi үшiн бояу) шығаратын цех құрылысының жобасы бойынша көлемі 1,4 млн. теңге субсидия алды. Қазір кәсіпорын өндірісті кеңейтіп жатыр.
«Зира» ЖШС-і мемлекеттiк қолдаудың арқасында, мамыр айында ашу  жоспарланған, оңалту орталығының жаңа корпусын салуда. «БЖК – 2020» бойынша алынған қаржы медициналық мекеменiң алаңын төрт есе үлкейтуге мүмкiндiк бердi.
Нұрлан Жазылбеков мембағадарлама аясында қаржыландырылған басқа да кәсіпорындарға барды.
Кәсiпкерлер мемлекеттiң ШОК-ті одан әрi қолдауы,Талдықорған қаласында және аймақта кәсiпкерлiктi дамытуға кедергi келтiретiн әкiмшiлiк кедергiлер бойынша сұрақтар қойып белсенділік танытты.
Кездесуді қорытындылай келе демократиялық фракцияның депутаты кәсiпкерлермен бұндай қарым-қатынас қордаланған мәселелерді анықтауға және тиiстi ведомстволардың алдында бизнестiң проблемаларын шешу туралы мәселе қоюға мүмкіндік бередi,-  деді.